Қалабаева Рабиға Қасенқызы есімін химия кабинетіне беру және еске алу
Адамзат баласының ғұмыры қысқа болғанымен, артында өнегелі істер қалдырып, белгілі бір саланы мықты меңгеріп, өзі өмірден өтсе де, еңбегі мен қызметі, айналасындағы адамдарға жасаған жақсылықтары мен жанына жақын тарта білетін жылылығы естен кетпейтін адамдар бар. Сондай келбетімен өмірде есте қалатын тұлғаның бірі, мектебіміздің химия пәнінің мұғалімі Қалабаева Рабиға Қасеновна. “Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді”демекші 31.01.2025 ж. күні гимназиямызда білікті ұстазы болған, өз ісіне адал