30
январь
2025
«Математикалық мазмұндағы пікірлер. Ақиқат және жалған» тақырыбында кіріктірілген сабақ
4 «Г» және 4 «Д» сыныптарында бастауыш сынып мұғалімдері К.Ж. Қурмангалиева, А.И. Кисамиева және математика пәнінің мұғалімі М.А. Утешова бірлесіп, «Математикалық мазмұндағы пікірлер. Ақиқат және жалған» тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізді.
Сабақтың басты мақсаты – бастауыш пен негізгі мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ете отырып, есептер шығару арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
🔹 Сабақ барысында:
✔ «Мектептен үйге дейінгі жолдың ұзақтығы мен жылдамдығын анықтау» мақсатында оқушылар өз бағыттарын картаға түсіріп, мектептен үйге дейінгі жол қашықтығын, жаяу жүріс жылдамдығын және қадам санын есептеді. Бұл тапсырма сабақтың ұтымды тұсы, өйткені тақырыптың өмірмен байланысының айқын көрнісі.
✔ QR-код арқылы жылдамдыққа байланысты бейне тапсырмалар ұсынылып, есептер шығарылды.
✔ Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында PISA үлгісіндегі тапсырмалар орындалды.
✔ «Ақиқат және жалған» ұғымдарын түрлі контексте қолдану үшін жағдаяттық тапсырмалар орындалды.
Бұл кіріктірілген сабақ 5-сыныпқа арналған IB бағдарламасына негізделіп, математикалық ұғымдардың күнделікті өмірмен байланысын ашуға және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.