Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Самал су» сусындар өндіретін өндіріс орнына танымдық экскурсия
10
июнь
2026
«Самал су» сусындар өндіретін өндіріс орнына танымдық экскурсия
10.06.2026 жылы мектебімізде ұйымдастырылған «SUMMER CAMP» жазғы сауықтыру лагерінің «Ғарыш», «Арыстан» және «Жұлдыз» топтарының оқушылары қаламыздағы «Самал су» сусындар өндіретін өндіріс орнына танымдық экскурсия жасап қайтты. Экскурсияның негізгі мақсаты – оқушыларды өндіріс процесімен таныстыру, кәсіптік бағдар беру, еңбек адамдарының қызметін насихаттау және өндірістегі заманауи технологиялардың жұмыс істеу ерекшеліктерін көрсету болды.
“Жас археологтар” іш-шарасы
10
июнь
2026
“Жас археологтар” іш-шарасы
10.06.2026 жылы “Summer camp” сауықтыру лагерінде 1-4 сынып оқушыларына “Жас археологтар” іш-шарасы өткізілді. Оқушылар “Жартастағы суреттер” тақырыбын зерттеп, балалар өздерін археолог сияқты сезініп, өз қолымен “ежелгі суретті” , ақ парақ, картон, тасты пайдаланып, салды. Мақсаты: Петроглифтер туралы түсінік беру, тарихқа құрмет,шығармашылықты дамыту. ​https://www.instagram.com/reel/DZZ4e2BoA10/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
«Жаз аруы-2026» байқауы
09
июнь
2026
«Жаз аруы-2026» байқауы
«Жаз аруы-2026» байқауы 🗓️09.06.2026 жылы «Summer camp» жазғы сауықтыру лагерінде 1-4 сынып оқушылары арасында «Жаз аруы-2026» атты байқау өткізілді. 📒Байқаудың мақсаты - қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сахна мәдениетін қалыптастыру, өзін еркін ұстауға баулу, дарынды оқушыларды анықтау. 🎊Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық табыстар тілейміз! ​https://www.instagram.com/reel/DZZLtoKIlkG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Summer Camp 2026 : «Сырлы саз» додасы ойыны
08
июнь
2026
Summer Camp 2026 : «Сырлы саз» додасы ойыны
Summer Camp 2026 ☀ «Сырлы саз» додасы ойыны Жазғы лагерь аясында оқушылар арасында «Сырлы саз» додасы ойыны ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық белсенділіктерін қолдау және эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Ойын барысында қатысушылар түрлі әуендерді тыңдап, олардың атауын анықтады, музыкалық тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Балалар белсенді қатысып,
“Көк Туым – көгім, Әнұраным – үнім, Елтаңбам – жүрегім” атты эссе жазу байқауы
04
июнь
2026
“Көк Туым – көгім, Әнұраным – үнім, Елтаңбам – жүрегім” атты эссе
“Көк Туым – көгім, Әнұраным – үнім, Елтаңбам – жүрегім” атты эссе жазу байқауы🖊️ 🗓️05.06.2026 жылы “Summer camp” жазғы сауықтыру лагерінде 3–4 сынып оқушылары арасында «Көк Туым – көгім, Әнұраным – үнім, Елтаңбам – жүрегім» атты эссе жазу байқауы өткізілді. 📒Байқаудың мақсаты – оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу. 🏆 Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!
«Summer Camp» жазғы сауықтыру лагерінің есігі де айқара ашылды!
01
июнь
2026
«Summer Camp» жазғы сауықтыру лагерінің есігі де айқара ашылды!
Жаздың жарқын күндерімен бірге мектебіміз жанындағы «Summer Camp» жазғы сауықтыру лагерінің есігі де айқара ашылды! 🎉 Лагерьдің ашылу салтанаты көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше әсерге толы өтті. Балалар мерекелік бағдарламаға белсене қатысып, көңілді ойындар ойнап, ән айтып, би билеп, шаттыққа бөленді. Сондай-ақ, түрлі үстел ойындарын ойнап, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, жаңа достармен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. 🤝 Алда балаларды қызықты кездесулер, шығармашылық жұмыстар, танымдық
Мектебімізде Өзін-өзі басқару ұйымының қорытынды жиналысы өтті
26
май
2026
Мектебімізде Өзін-өзі басқару ұйымының қорытынды жиналысы өтті
Мектебімізде Өзін-өзі басқару ұйымының қорытынды жиналысы өтті. Жыл бойы белсенділік танытып, мектеп өміріне өз үлесін қосқан Парламент мүшелері арнайы марапатталды. Мектеп директоры Шамова Арайлым Матжанқызы ұйым президенті мен министрлеріне алғыс хат табыстап, еңбектеріне ризашылығын білдірді. Бір жылдық еңбек, жаңа идеялар, жауапкершілік пен ұйымшылдық — бәрі де үлкен тәжірибе мен жарқын естеліктер сыйлады. Алдағы уақытта да мектеп абыройын асқақтатып, биік белестерден көріне беріңіздер!
11-сынып түлектеріне арналған «Білімім – Отаныма» тақырыбында сынып сағаты өтті
25
май
2026
11-сынып түлектеріне арналған «Білімім – Отаныма» тақырыбында сынып
25 мамыр күні Алматы қаласы, Алатау ауданындағы ШЖҚ «201 мектеп-гимназия» КММ 11-сынып түлектеріне арналған «Білімім – Отаныма» тақырыбында сынып сағаты өтті. Тағылымды шара барысында «Адал азамат» тұжырымдамасы мен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының құндылықтарымен қатар, IB (International Baccalaureate) бағдарламасының негізгі ұстанымдары – зерттеушілік, ашық ойлау, жауапкершілік, халықаралық көзқарас және өмір бойы білім алуға ұмтылу идеялары насихатталды. Жас түлектерге елжандылық, азаматтық
«ҰБТ-ге психологиялық дайындық» тақырыбында тәрбие сағаты
18
май
2026
«ҰБТ-ге психологиялық дайындық» тақырыбында тәрбие сағаты
18.05.2026 ж. 11-сынып оқушыларымен «ҰБТ-ге психологиялық дайындық» тақырыбында тәрбие сағатынан жиналыс өткізілді. Кездесу барысында білім алушыларға ҰБТ кезеңіндегі эмоционалдық тұрақтылықты сақтау, қобалжуды басқару, өз-өзіне сенімділікті арттыру және уақытты тиімді пайдалану бойынша психологиялық қолдау көрсетілді. Іс-шара директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Иманалиева Жұлдыз Мусаевна және мектеп психологтарының ұйымдастыруымен өтті. Оқушыларға алдағы маңызды сынақта сәттілік, жоғары
Ата-аналармен маңызды профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
14
май
2026
Ата-аналармен маңызды профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Ата-аналармен маңызды профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, исламтанушы магистр Ерімбет Рамзан Еділбекұлы сөз сөйлеп, деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремистік идеялардың таралу жолдары және ұлттық құндылықтардың қоғамдағы рөлі туралы түсіндірме берді. Кездесу барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, отбасындағы және қоғамдағы толеранттылықты нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 68 Вперед