Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » IB бағдарламасы аясында ұйымдастырылған халықаралық тағылымдама (Оңтүстік Корея, Гонконг)
12
июнь
2026

IB бағдарламасы аясында ұйымдастырылған халықаралық тағылымдама (Оңтүстік Корея, Гонконг)

Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен қаланың 5 мемлекеттік мектебінің(4 мектеп-интернат, 27 гимназия, 105 гимназия,159 мектеп-гимназия, 201 мектеп-гимназия) мұғалімдері IB бағдарламасы аясында ұйымдастырылған халықаралық тағылымдамадан өтіп, Оңтүстік Корея мен Гонконгтың жетекші халықаралық мектептерінде тәжірибе алмасты. Бағдарлама барысында педагогтер заманауи білім беру үрдістерімен танысып, концептуалды оқыту, зерттеуге негізделген білім беру (inquiry-based learning), критерийалды бағалау, пәнаралық оқыту және мектеп көшбасшылығы бағыттарындағы озық тәжірибелерді зерделеді.

Бұл тәжірибе мұғалімдеріміздің кәсіби құзыреттілігін арттырып қана қоймай, алынған білім мен тәжірибені оқу үдерісіне тиімді енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашты. Халықаралық тәжірибені зерделеу арқылы мұғалімдеріміз мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен IB бағдарламасының талаптарын үйлестіре отырып, оқушыларға сапалы әрі бәсекеге қабілетті білім беру бағытында жұмысын жалғастырады. Бұл өз кезегінде ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаһандық ойлайтын, зерттеуші және жауапты тұлға қалыптастыруға ықпал етеді.

https://www.instagram.com/p/DZjg_TaCLrr/?utm_source=ig_web_copy_link​​​

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив