Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » IB халықаралық бағдарламасынан авторизациясынан өтудеміз
08
апрель
2026

IB халықаралық бағдарламасынан авторизациясынан өтудеміз

Алматыдағы мемлекеттік мектепте IB халықаралық бағдарламасы авторизациясынан өтуде. Болашаққа нық қадам! 🌍Алматы қаласының 2030 жылға дейінгі перспективалық даму жол картасы аясында №201 мектеп-гимназия тарихи кезеңге аяқ басты.
Біз — IB (Халықаралық бакалавриат) әлемдік мектебі статусын алуға алғашқы қадам жасаған мемлекеттік мектеппіз!
Орта буын бағдарламасы (IB MYP) бойынша халықаралық аккредитациядан өту — бұл отандық мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтерудің айқын дәлелі.
Біздің даму жолымыз:
🔹 1-қадам: Жаһандық деңгейдегі мұғалімдер. Мұғалімдеріміз халықаралық тренингтерден өтіп, сыни ойлау мен зерттеу дағдыларын оқытудың негізіне айналдырды.
🔹 2-қадам: Инновациялық орта. Жол картасына сай, біз зертханалар мен дизайн-студияларды жаңартып жатырмыз. Бұл — оқушылардың теорияны практикамен, ал білімді нақты өмірмен байланыстыруына мүмкіндік береді.
🔹 3-қадам: Халықаралық аккредитация. Дәл қазір біз IB стандарттарына сәйкестікті растайтын ресми процестен өтудеміз. Бұл — мектебіміздің әлемдік деңгейдегі сапаға кепілдік беруі.
Біздің мақсатымыз:
Алматылық оқушыларды әлемнің үздік жоғары оқу орындарына дайындап қана қоймай, оларды өз қаласы мен елінің дамуына үлес қосатын жаһандық азамат етіп тәрбиелеу. 🎓
🚀 Алматының болашағы — білімді жастардың қолында! Мемлекеттік мектептегі халықаралық білім берудің жаңа белестерін бірге бағындырайық.

https://www.instagram.com/reel/DXFpvtQiL8x/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив