Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халықаралық тағылымдама
25
май
2026

Халықаралық тағылымдама

Мектебіміздің мұғалімдері IB бағдарламасы аясында ұйымдастырылған халықаралық тағылымдамадан өтіп, Оңтүстік Корея мен Гонконгтың жетекші халықаралық мектептерінде тәжірибе алмасты. Бағдарлама барысында педагогтер заманауи білім беру үрдістерімен танысып, концептуалды оқыту, зерттеуге негізделген білім беру (inquiry-based learning), критерийалды бағалау, пәнаралық оқыту және мектеп көшбасшылығы бағыттарындағы озық тәжірибелерді зерделеді.
Іссапар аясында төмендегі білім беру ұйымдарына кәсіби сапарлар ұйымдастырылды:
📍Korea University (Сеул, Оңтүстік Корея)
📍Hana International School (Сеул, Оңтүстік Корея)
📍Busan International Middle School & High School(Пусан, Оңтүстік Корея)
📍Пусан қаласының Білім Басқармасы (Пусан, Оңтүстік Корея)
📍Geumgang Elementary School (Пусан, Оңтүстік Корея)
📍Discovery College (Гонконг)
📍Lutheran Academy (Гонконг)
📍UWC College (Гонконг)
Бұл тәжірибе мұғалімдеріміздің кәсіби құзыреттілігін арттырып қана қоймай, алынған білім мен тәжірибені оқу үдерісіне тиімді енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашты. Халықаралық тәжірибені зерделеу арқылы мұғалімдеріміз мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен IB бағдарламасының талаптарын үйлестіре отырып, оқушыларға сапалы әрі бәсекеге қабілетті білім беру бағытында жұмысын жалғастырады. Бұл өз кезегінде ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаһандық ойлайтын, зерттеуші және жауапты тұлға қалыптастыруға ықпал етеді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив