Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Заң және тәртіп» тақырыбында кеңес
24
апрель
2026
«Заң және тәртіп» тақырыбында кеңес
Алатау ауданы мектептерінің ата-аналарымен Алатау ауданы ювеналды полициясы, Алатау ауданы бойынша ҰҚК өкілдері және Алатау ауданы білім бөлімі басшысының қатысуымен оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша «Заң және тәртіп» тақырыбында кеңес өткізді. Ата-аналар барлық сұрақтарына жауап алып, бала тәрбиесінде үлкен жауапкершілікпен мектеппен бірге жұмыс жүргізудің маңыздылығы түсіндірілді.
Мектебімізде Наурыз мерекесі атап өтілді
18
апрель
2026
Мектебімізде Наурыз мерекесі атап өтілді
Мектебімізде Алатау ауданы әкімінің орынбасары Бектас Ерланұлы және Алматы қаласы мәслихат депутаты Гүлжан Мырзалықызының қатысуымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған мазмұнды әрі тағылымы терең іс-шара өтті. Мереке аясында оқушыларға арналған мамандықтар жәрмеңкесі өткізіліп, жас ұрпаққа болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар халқымыздың бай дәстүрі мен мәдениетін кеңінен танып-білуге мүмкіндік алды. Шара барысында
Білім алушыларға жалған терроризм туралы хабарламалардың қауіптілігі мен заң алдындағы жауапкершілік түсіндірілді
15
апрель
2026
Білім алушыларға жалған терроризм туралы хабарламалардың қауіптілігі
201 мектеп-гимназиясында білім алушыларға жалған терроризм туралы хабарламалардың қауіптілігі мен заң алдындағы жауапкершілік түсіндірілді. 👨‍🏫 Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық сауаттылық, қауіпсіздік және жауапкершілік туралы маңызды ақпараттар берілді. ⚖️ Жалған хабарлама – бұл жай әзіл емес, ол қылмыс! ❗ Әрбір әрекетің үшін заң алдында жауап беретіндігіңді ұмытпа!
«Балалар басылымы – тарихқа апарар жол», «Менің сүйікті журналым» атты әдеби танымдық оқу сағаты
14
апрель
2026
«Балалар басылымы – тарихқа апарар жол», «Менің сүйікті журналым»
#ҚР Оқу-ағарту министрлігі;#Балалар кітапханасы;#Ұлттық кітап күні;#Республикалық Ғылыми педагогикалық кітапхана;#Он күндік;Адал азамат; «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» бағдарламасы аясында Ұлттық кітап күні қарсаңында кітапханада «Балалар басылымы – тарихқа апарар жол», «Менің сүйікті журналым» атты әдеби танымдық оқу сағаты болып өтті. Атаулы іс-шараға 3 «Г» сынып оқушылары қатысып, жазушы Т.Әлімқұловтың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып берді. Және өздері оқыған журнал кейіпкерлеріне
«Ғылым әлемі», «Ғылымға бастар жол» атты әдеби танымдық оқу сағаты
13
апрель
2026
«Ғылым әлемі», «Ғылымға бастар жол» атты әдеби танымдық оқу сағаты
#ҚР Оқу-ағарту министрлігі;#Балалар кітапханасы;#Ұлттық кітап күні;#Республикалық Ғылыми педагогикалық кітапхана;#Он күндік;Адал азамат; «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» бағдарламасы аясында Ұлттық кітап күні қарсаңында кітапханада «Ғылым әлемі», «Ғылымға бастар жол» атты әдеби танымдық оқу сағаты болып өтті. Атаулы іс-шараға 10 «А» сынып оқушылары қатысып, А.Эйнштейн, Д.Менделеев, Никола Тесла, Исаак Нютон, Әл-Хорезми туралы, олардың қызықты өмірбаяндары мен ғылыми еңбектерінен ой
«Таза Қазақстан» акциясы
04
апрель
2026
«Таза Қазақстан» акциясы
«Таза Қазақстан» акциясы Бүгін мектебімізде «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар белсене қатысты. Барлығымыз бірлесе отырып, мектеп ауласын тазалап, айналаны көркейтуге өз үлесімізді қостық. Сонымен қатар, түрлі гүлдер отырғызылып, мектеп ауласы одан әрі жайқалып, әсемдене түсті 🌸 Тазалық – тек бір күндік іс емес, ол әрқайсымыздың күнделікті дағдымыз болуы керек. Осындай игі бастамалар арқылы табиғатты аялауға, қоршаған ортаны
КББЖТЭО ұйымдастыруымен «Көмек» бағдарламасы аясында мектебіміздің 7- сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді
02
апрель
2026
КББЖТЭО ұйымдастыруымен «Көмек» бағдарламасы аясында мектебіміздің 7-
КББЖТЭО ұйымдастыруымен «Көмек» бағдарламасы аясында мектебіміздің 7- сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға бағдарламаның мақсаты мен маңызы түсіндіріліп, түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдау жолдары айтылды.
«Кітаппен келген көктем»
30
март
2026
«Кітаппен келген көктем»
«Кітаппен келген көктем» ГАЙДБУК-та көктемгі демалысындағы 9 «В» сынып оқушысы Ануар Зере, Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» атты кітабын оқып, мазмұндап, өз ойымен бөлісті. Мақсаты: Жас ұрпақ бойына рухани-адамгершілік құндылықтар мен ұлттық тәрбиені бойына сіңірген ізденімпаз, бәсекеге қабілетті зияткер тұлға қалыптастыру. Кітап оқу дәстүрін жалғастырып, тұрақты оқырман қалыптастыру. Кітапхана меңгерушісі: Исабекова Тұрсын Разаққызы
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
20
март
2026
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
Наурызнама аясында 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай мектеп парламенті оқушылар арасында ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырды 🇰🇿 Арқан тартыс пен асық ату арқылы оқушылар өз ептілігі мен күшін сынап, ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Жарыс тартысты өтіп, қатысушылар ерекше белсенділік танытты! Ұлттық ойын – ұлт қазынасы ✨ Дәстүріміз ұлықталып, рухымыз асқақтай берсін! ​https://www.instagram.com/reel/DWGBFsojIoF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
18 наурыз – Ұлттық киім күні
18
март
2026
18 наурыз – Ұлттық киім күні
18 наурыз – Ұлттық киім күні ⚜️🇰🇿 Бүгін мектебімізде ерекше атмосфера орнады: ұстаздар мен оқушылар ұлттық киім киіп, дәстүр мен мәдениетті дәріптеді. Әр ою – тарих, әр киім – мақтаныш. Ұлттық киім – ұлттың айнасы ❤️ ​https://www.instagram.com/reel/DWB40N4jBs1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​