Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде Наурыз мерекесі атап өтілді
18
апрель
2026

Мектебімізде Наурыз мерекесі атап өтілді

Мектебімізде Алатау ауданы әкімінің орынбасары Бектас Ерланұлы және Алматы қаласы мәслихат депутаты Гүлжан Мырзалықызының қатысуымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған мазмұнды әрі тағылымы терең іс-шара өтті.

Мереке аясында оқушыларға арналған мамандықтар жәрмеңкесі өткізіліп, жас ұрпаққа болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар халқымыздың бай дәстүрі мен мәдениетін кеңінен танып-білуге мүмкіндік алды.

Шара барысында ата-аналар да белсенді атсалысып, мерекенің мәнін арттыра түсті. Кең дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Бұл – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың айқын көрінісі болды.

Концерттік бағдарлама аясында оқушылар ән шырқап, би билеп, күй тартып, өз өнерлерін жоғары деңгейде паш етті.

Наурыз мейрамы әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен ырыс әкелсін! Елімізде әрдайым бірлік пен татулық салтанат құрсын! Қолдау көрсеткен қадірлі қонақтарымызға алғыс айтамыз!

https://www.instagram.com/reel/DXSIrltCKbj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив