Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Білім мен мүмкіндіктер” атты мектебімізде 9-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының қатысуымен колледж мамандарымен кездесу өтті.
11
апрель
2025

“Білім мен мүмкіндіктер” атты мектебімізде 9-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының қатысуымен колледж мамандарымен кездесу өтті.

2025 жылдың 11 сәуір күні мектебіміздің профориентаторы Нұршат Жұмабекқызының ұйымдастыруымен “Білім мен мүмкіндіктер” атты мектебімізде 9-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының қатысуымен колледж мамандарымен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кәсіби бағдарын нақтылау, болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру және ата-аналарға колледждер туралы толыққанды ақпарат ұсыну болды.
Кездесуге:
1. Алматы дизайн және инженерия колледжі
2. ⁠КSPH медециналық колледж
3. ⁠Алматы теміржол колледжі
4. ⁠Энергетика және электронды технологиялар колледжі
5. ⁠Нархоз колледжі
6. ⁠ALT гуманитарлық колледжі
Өз оқу орындарының мамандықтары, оқу жүйесі, қабылдау талаптары және оқу барысында берілетін мүмкіндіктер туралы кеңінен таныстырды. Ата-аналар мен оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.
Іс-шара барысында:
- Колледж мамандары оқу орны туралы таныстырылым жасады;
- Мамандықтар бойынша мәліметтер берілді;
- Қабылдау шарттары мен оқу формалары түсіндірілді;
- Оқушылар мен ата-аналар жеке кеңестер алды.
Кездесу өте пайдалы әрі мазмұнды өтті. Ата-аналар мен оқушылар мамандық таңдауда маңызды мәліметтер алып, нақты бағыт-бағдар алды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив