Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » SDU университетінде шетелдік және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының қатысуымен жәрмеңке өтті.
09
апрель
2025

SDU университетінде шетелдік және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының қатысуымен жәрмеңке өтті.

9 cәуір күні SDU университетінде шетелдік және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының қатысуымен жәрмеңке өтті. Аталған іс-шараға біздің мектебіміздің 10 және 11-сынып оқушылары қатысты. Бұл абитуриенттер мен оқушылар үшін халықаралық білім беру мүмкіндіктері туралы көбірек білуге, сондай-ақ АҚШ, Қытай, Малайзия, Венгрия, Франция, Польша және Германияның шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдерімен, сонымен қатар сол университеттерде тәжірибе алмасу бағдарламасы бойынша білім алған студенттермен кездесуге тамаша мүмкіндіктер болды.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты — оқушыларға жоғары оқу орындары туралы жан-жақты ақпарат беру, кәсіби бағдарлау, әрі болашақ мамандықты саналы таңдауға ықпал ету болды. Іс-шара барысында оқушылар түрлі университеттердің өкілдерімен еркін әңгімелесіп, оқуға түсу талаптары, білім беру бағдарламалары, шетелде білім алу мүмкіндіктері туралы мағлұмат алды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив