13
ноябрь
2024
“Мамандықтың сырлы әлемі” атты мамандықтар жәрмеңкесі
Бүгін #201 мектеп-гимназиясында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы “Еңбегі адал - жас өрен” жобасы аясында 9,11-сынып оқушыларына арналған ата-аналардың қатысуымен “Мамандықтың сырлы әлемі” атты мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге әскери қызметкер, экономист-салық маманы, полиция қызметкері, дәрігер, невропотолог, өрт сөндіруші, IT маманы, төтенше жағдайлар қызметкері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бас сарапшы, эстрада әнші мамандықтары бойынша еңбек етіп жүрген ата-аналарымыз өз мамандықтарының қыр-сырларымен бөлісіп,оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар берді.
Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды әртүрлі мамандықтармен таныстыру, әр мамандықтың ерекшелігі туралы дүниетанымын кеңейту, кәсіби бағдар беру. Оқушылардың болашақ мамандық таңдауына қолдау көрсету.

Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды әртүрлі мамандықтармен таныстыру, әр мамандықтың ерекшелігі туралы дүниетанымын кеңейту, кәсіби бағдар беру. Оқушылардың болашақ мамандық таңдауына қолдау көрсету.
