Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Мамандық таңдау - болашақ таңдау атты” «Мамандықтар жәрмеңкесі» өткізілді
15
апрель
2025

“Мамандық таңдау - болашақ таңдау атты” «Мамандықтар жәрмеңкесі» өткізілді

2025 жылдың 15 сәуір күні мектебімізде 8, 9-сынып оқушыларына арналған “Мамандық таңдау - болашақ таңдау атты” «Мамандықтар жәрмеңкесі» өткізілді. Мақсаты – оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға көмек көрсету, әртүрлі колледждер мен оқу орындарының мамандықтарымен таныстыру және кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыру болды.
Жәрмеңкеге Алматы қаласында орналасқан 18 колледждерінің өкілдері қатысты. Олар өз оқу орындары туралы таныстырылымдар жасап, мамандықтардың ерекшеліктері мен еңбек нарығындағы сұранысы туралы кең ақпарат ұсынды.
- Оқушылар колледждер мен мамандықтар бойынша ақпараттық стендтермен танысты;
- Колледж өкілдерімен тікелей пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды;
- Кәсіби кеңестер берілді және мамандық таңдаудағы бағыт-бағдар көрсетілді;
- Оқушыларға арналған ақпараттық материалдар таратылды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Бұл жәрмеңке оқушылардың болашақ кәсіби бағыттарын айқындауға үлкен септігін тигізді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив