18
апрель
2025
10-11 сынып оқушылары кәсіби бағдар беру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Robotics hub орталығы мен Механика-математика факультетіне барды
2025 жылдың 18 сәуір күні мектебіміздің робототехника үйірмесінің жетекшісі Әзіл Заманбек пен профориентатор Сагынтаева Нұршаттың ұйымдастыруымен мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары кәсіби бағдар беру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Robotics hub орталығы мен Механика-математика факультетіне барды.
Іс-сапар барысында оқушылар:
- Университеттің оқу үрдісі, ғылыми жобалары және цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды ;
- Farabi Robotics hub-та жүзеге асырылып жатқан инновациялық стартаптар және IT бағытындағы жұмыстармен танысты;
- Механика-математика факультетінің оқытушыларымен кездесіп, факультет бағыттары, мамандықтар және білім беру бағдарламалары туралы мағлұмат алды;
- Оқуға түсу талаптары мен болашақ кәсіби мүмкіндіктер жайлы ақпаратпен танысты.
Бұл іс-шара оқушылардың жоғары білім туралы түсінігін кеңейтіп, болашақ мамандықтарын саналы таңдауға үлкен септігін тигізді.