Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жалпықалалық сейсмикалық жаттығу
14
май
2026
Жалпықалалық сейсмикалық жаттығу
2026 жылғы 14 мамыр күні мектебімізде жалпықалалық сейсмикалық жаттығу аясында қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылды. Жаттығу барысында оқушылар мен мұғалімдерге төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет тәртібі түсіндіріліп, эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Мұндай оқу-жаттығулар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған. ​https://www.instagram.com/reel/DYTygSKofdK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл
13
май
2026
Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл
2026 жылғы 13 мамыр күні мектебімізде қазақтың көрнекті ақыны, драматургі Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған танымдық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.
IB MYP жеке жоба көрмесі
08
май
2026
IB MYP жеке жоба көрмесі
08.05 күні мектебімізде MYP оқушыларының жеке және қоғамдық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Бұл — IB MYP бағдарламасы аясындағы маңызды тәжірибе мен оқушылардың бір жылдық еңбегінің нәтижесін көрсететін ерекше кезең. Оқушылар ғылым мен экологиядан бастап, мәдениет пен технологияға дейінгі түрлі тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын таныстырды. Зерттеу, қоғамға үлес қосу, көшбасшылық және шығармашылық — осының бәрі оқушылардың жобасында көрініс тапты. Оқушыларға осындай маңызды кезеңде
1 мамыр – Бірлік күніне арналған керемет мерекелік шара өтті
30
апрель
2026
1 мамыр – Бірлік күніне арналған керемет мерекелік шара өтті
Мектебімізде 1 мамыр – Бірлік күніне арналған керемет мерекелік шара өтті 🕊️✨ Оқушылар әр ұлттың тағамы мен өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, нағыз мәдени әралуандылықты паш етті. Ұлттық киімдер, сахналық қойылымдар, би мен ән, сондай-ақ түрлі ұлттардың тағамдары мерекенің сәнін келтірді 🌍✨ Шара достықтың, татулықтың және бірліктің қаншалықты маңызды екенін айқын сезіндірді. Бірлік бар жерде – күш те, береке де бар!
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
30
апрель
2026
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ Мектебіміздің жұмыс жоспарына сәйкес 4-тоқсанның БЖБ жұмысы және оқу жылының аяқталуы бойынша «Ашық есік күні» өтті. Кездесу барысында ата-аналар баласының әр пән бойынша оқу үлгерімі мен тәртібі туралы мұғалімдермен жеке сөйлесіп, бірлесе жұмыс жасады. Мектеп директоры Шамова Арайлым Мәтжанқызы ата-аналар тарапынан түскен ұсыныстарды қабылдап, сұрақтарына жауап берді. 🤝 Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы – сапалы білім мен саналы тәрбиенің негізі.
1-ауысым оқушыларының ата-аналарына арналған Ашық есік күні өткізілді
29
апрель
2026
1-ауысым оқушыларының ата-аналарына арналған Ашық есік күні өткізілді
Адал азамат тәрбиелеу – ортақ міндет Мектебімізде 1-ауысым оқушыларының ата-аналарына арналған Ашық есік күні өткізілді. Шара барысында ата-аналар балаларының оқу үлгерімі мен тәртібі жайлы пән мұғалімдерімен ашық сұқбат құрып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Іс-шараға Алатау ауданы білім бөлімінің басшысы Қ.М. Акмурзаева қатысып, ата-аналармен еркін форматта кездесу өткізді. Сонымен қатар, жеке сұрақтар бойынша мектеп директоры А. Шамова нақты жауаптар берді. 🤝 Мектеп пен ата-ана
Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасынан Сания Майорқызы келіп жоғары сынып оқушыларына құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді
29
апрель
2026
Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасынан Сания Майорқызы келіп
Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасынан Сания Майорқызы келіп жоғары сынып оқушыларына құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға заң талаптары, құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы жауапкершілік және қауіпсіздік мәселелері кеңінен түсіндірілді. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
11-сынып «Алтын белгіге» үміткер оқушылармен арт-терапиялық тренинг өткізілді
29
апрель
2026
11-сынып «Алтын белгіге» үміткер оқушылармен арт-терапиялық тренинг
11-сынып «Алтын белгіге» үміткер оқушылармен арт-терапиялық тренинг өткізілді 🎨✨ Бұл тренингтің мақсаты – оқушылардың эмоционалдық жағдайын қолдау, ішкі күйзелісті азайту және алдағы емтихандарға сенімділікті арттыру. Шығармашылық тапсырмалар арқылы қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, көңіл-күйлерін бейнелеу мүмкіндігіне ие болды. Тренинг барысында оқушылар: 🌿 өз сезімдерін түсінуді 🌿 стрессті басқару тәсілдерін 🌿 өз-өзіне деген сенімділікті арттыру жолдарын үйренді Әрбір қатысушы ерекше
Республикалық қазақ билер алқасының мүшелерімен рухани тағылымы мол кездесу өтті
28
апрель
2026
Республикалық қазақ билер алқасының мүшелерімен рухани тағылымы мол
Бүгін мектебімізде Республикалық қазақ билер алқасының мүшелерімен рухани тағылымы мол кездесу өтті. Ақсақалдардың даналық сөздері мен өмірлік тәжірибесі жастарға үлкен тәрбие мен күш берді. Олардың батасы мен кеңестері бізге болашаққа сеніммен қадам басуға рухани азық болды ​https://www.instagram.com/reel/DXo7479iLH6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
“Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік
25
апрель
2026
“Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік
“Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік Бүгін мектебіміздің ұстаздары “Таза Қазақстан” республикалық акциясын қолдап, сенбілік ұйымдастырды. Табиғатты аялау – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екенін тағы бір мәрте дәлелдедік. Ұстаздарымыз мектеп аумағын тазалап, қоршаған ортаның көркеюіне өз үлесін қосты. Бірлік пен жауапкершілік ұштасқан бұл игі іс баршамызға үлгі болары сөзсіз. 🌱 Тазалық – мәдениеттің айнасы! 🌱 Табиғатты қорғайық, болашақты бірге сақтайық!