25
май
2026
11-сынып түлектеріне арналған «Білімім – Отаныма» тақырыбында сынып сағаты өтті
25 мамыр күні Алматы қаласы, Алатау ауданындағы ШЖҚ «201 мектеп-гимназия» КММ 11-сынып түлектеріне арналған «Білімім – Отаныма» тақырыбында сынып сағаты өтті. Тағылымды шара барысында «Адал азамат» тұжырымдамасы мен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының құндылықтарымен қатар, IB (International Baccalaureate) бағдарламасының негізгі ұстанымдары – зерттеушілік, ашық ойлау, жауапкершілік, халықаралық көзқарас және өмір бойы білім алуға ұмтылу идеялары насихатталды. Жас түлектерге елжандылық, азаматтық жауапкершілік, адамгершілік қасиеттер мен жаһандық ортада өз орнын таба алатын тұлға болу маңыздылығы дәріптелді.
Іс-шараға мектеп директоры Шамова Арайлым Мәтжанқызы қатысып, бітіруші түлектерге жүрекжарды тілегін арнады. Сонымен қатар, алдағы мемлекеттік емтихан мен ҰБТ-да сәттілік тілеп, білімді, саналы, сыни ойлайтын, көпмәдениетті ортада еркін әрекет ететін және ел болашағына қызмет ететін бәсекеге қабілетті тұлға болуға шақырды.
Кездесу оқушыларға ерекше рухани әсер сыйлап, олардың болашаққа деген сенімін нығайтты әрі IB бағдарламасының халықаралық білім беру құндылықтарын ұлттық тәрбиемен ұштастыра отырып, үлкен өмірге сеніммен қадам басуына ықпал етті.