23
февраль
2026
«Адал азамат», «Жеке қауіпсіздік», «Алматы – таза қала» және «Кәсіптік бағдар» бағыттары бойынша мазмұнды сынып сағаты өтті
Бүгін мектебімізде «Адал азамат», «Жеке қауіпсіздік», «Алматы – таза қала» және «Кәсіптік бағдар» бағыттары бойынша мазмұнды сынып сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар адалдық пен жауапкершіліктің маңызын талқылап, қоғамдағы әр азаматтың рөлі туралы ой бөлісті. «Жеке қауіпсіздік» тақырыбында күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелері, интернеттегі сақтық шаралары және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары қарастырылды.
«Алматы – таза қала» аясында туған өлкемізге жанашырлық таныту, қоршаған ортаны қорғау, қаламыздың тазалығын сақтау – әрбір тұрғынның міндеті екені айтылды. Табиғатты аялау – болашаққа қамқорлық екені түсіндірілді.
Сондай-ақ «Кәсіптік бағдар» бағыты бойынша оқушылар мамандық таңдаудың маңыздылығы, өз қабілетін анықтау және болашаққа дұрыс қадам жасау туралы ақпарат алды.
Сынып сағаты оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, саналы ұрпақ қалыптастыруға бағытталды