Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Бір бағыттағы қуып жету және қалып қою қозғалыстарына берілген есептерді салыстыру” тақырыбында кіріктірілген сабақ
29
январь
2025

“Бір бағыттағы қуып жету және қалып қою қозғалыстарына берілген есептерді салыстыру” тақырыбында кіріктірілген сабақ

4 “Ә” сыныбында бастауыш сынып мұғалімі Бастаубаева Ж.С. мен математика пәнінің мұғалімі Ұзақова А.Н. бірлесіп, математика пәнінен “Бір бағыттағы қуып жету және қалып қою қозғалыстарына берілген есептерді салыстыру” тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізді.

🔰Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларды 5-сыныптағы математика пәніне бейімдеу. Осыған орай, бастауыш және негізгі мектеп деңгейіндегі тапсырмалар кіріктіріліп, оқушыларға логикалық ойлау мен талдау дағдыларын дамытуға бағытталған есептер ұсынылды.

Сабақ барысында оқушылар:
✅ Қозғалысқа қатысты математикалық есептердің ерекшеліктерін түсінді;
✅ Қуып жету және қалып қою қозғалыстарын салыстырып, олардың шешу жолдарын талдады;
✅ Топтық жұмыстар мен практикалық тапсырмалар арқылы өз ойларын еркін жеткізіп, білімдерін бекітті.

Бұл кіріктірілген сабақ оқушылардың 5-сыныптағы жаңа форматтағы есептерге дайындығын арттырып, өз бетімен ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив