Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
”ДемаLike” лагерінде өткен “Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ” сайысы
27
май
2025
”ДемаLike” лагерінде өткен “Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ” сайысы
”ДемаLike” лагерінде өткен “Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ” сайысы . Сайыс мақсаты: Оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін, тапқырлығын дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қазақтың ауыз әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру. Оқушылар 3топқа бөлініп, бір-бірімен жарысты. Сайыс нәтижесі бойынша: “Білгірлер” мен “Тапқырлар” жақсы өнерлерін көрсетті. Әр топтан білімдерімен жеке дара көзге түскен балалар марапатталды. 2 “А” сынып оқушылары Дәулетбай Медина Бекпаева Айлин және 1 “В” сынып оқушысы
Мектеп медбикелері лагерьдегі оқушыларға тазалық туралы түсіндіру жүргізді
27
май
2025
Мектеп медбикелері лагерьдегі оқушыларға тазалық туралы түсіндіру
Мектеп медбикелері лагерьдегі оқушыларға тазалық туралы түсіндіру жүргізді. Мұндай түсіндіру жұмыстары балалардың жеке бас гигиенасын сақтауды, аурудың алдын алуды үйретуге көмектеседі. 🧼 Медбике төменгі тақырыптарда түсіндіру жүргізді: 1. Жеке бас гигиенасы • Қолды сабындап жуу ережелері. • Тістерді дұрыс тазалау. • Шаш, тырнақ және дене күтімі. 2. Киім мен аяқ киім тазалығы • Киімді күнде ауыстыру қажеттілігі. • Аяқ киімді құрғақ әрі таза ұстау. 3. Ауыз суды пайдалану тәртібі • Тек
Demalike лагеріндегі әдеби күн: “Менің сүйікті кітабым”
27
май
2025
Demalike лагеріндегі әдеби күн: “Менің сүйікті кітабым”
Demalike лагеріндегі әдеби күн: “Менің сүйікті кітабым” Бүгін Demalike жазғы лагерінде 1-сынып оқушылары үшін ерекше күн болды. Балалар “Менің сүйікті кітабым” тақырыбында өздері ұнататын кітаптармен бөлісіп, кейіпкерлер туралы қызықты әңгімелер айтты. Кейбірі кітап кейіпкерлерінің рөлін ойнап, шағын көріністер қойды. Шара балалардың шығармашылығын дамытып, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттырды.  ВИДЕО
«ДемаLIKE» мектепішілік жазғы лагерінде «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы өтті
27
май
2025
«ДемаLIKE» мектепішілік жазғы лагерінде «Мың бір мақал, жүз бір
№201 мектеп-гимназиясының «ДемаLIKE» мектепішілік жазғы лагерінің 1 сынып оқушыларынан құрылған «Сұңқар» тобында топ жетекшісі А.Ж.Турысбаеваның ұйымдастыруымен «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы өтті. Сайыста оқушылар «Зерек», «Білгірлер», «Барыс» топтары аясында бірігіп, берілген суреттер бойынша мақалдарды тауып, жұмбақтар шешті. Мақалдардың жалғасын тауып, жұмбақ шешу оқушылардың ой-өрісін дамытып, ұшқырлыққа, тіл байлығын молайтуға оң әсерін тигізеді. Сайыс барысында жақсы нәтиже
“ДемаLIKE” жазғы лагерінің ашылу салтанаты
26
май
2025
“ДемаLIKE” жазғы лагерінің ашылу салтанаты
26.05.2025ж күні мектебіміздің жанынан ашылған “ДемаLIKE” жазғы лагерінің ашылу салтанаты өтті. 🔔 Ашылу салтанатында балалармен көңілді танысу ойындары, би, ән, шығармашылық тапсырмалар өткізілді. Көңілді музыка, түрлі түсті шарлар мен көтеріңкі көңіл күй – міне, бүгінгі күннің шынайы көрінісі болды! 🧒👧 Біз балалар үшін қауіпсіз әрі шабытқа толы орта дайындадық. Алда оларды: • қызықты шеберлік сабақтары 🖌️ • спорттық сайыстар 🏃‍♀️ • шығармашылық жобалар 💡 • жаңа достар мен ұмытылмас әсерлер
5-8, 10 сынып білім алушыларының «Қазақ тілі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен аралық аттестаттау емтиханы
26
май
2025
5-8, 10 сынып білім алушыларының «Қазақ тілі» және «Қазақ тілі мен
Мектебімізде 5-8, 10 сынып білім алушыларының «Қазақ тілі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен аралық аттестаттау емтиханы өтіп жатыр. Аралық аттестаттау мақсаты - білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес бағалау. ВИДЕО
8 “А” сынып оқушылары «Дәрігердің үшінші қаруы» шығармасын талқылап, мазмұнды пікір алмасып қайтты
26
май
2025
8 “А” сынып оқушылары «Дәрігердің үшінші қаруы» шығармасын талқылап,
«Оқитын ұлт» жобасы аясында 8 “А” сынып оқушылары Alatau Creative Hub-та оқырмандар клубының жетекшісі Еркінбек Аяулым Кәрімбергенқызымен бірге Шерхан Мұртазаның «Дәрігердің үшінші қаруы» шығармасын талқылап, мазмұнды пікір алмасып қайтты. Сынып жетекшісі: М.У. Дусимбаева. ВИДЕО
Республикалық марапат! Қазақстан Патриоты!
23
май
2025
Республикалық марапат! Қазақстан Патриоты!
Республикалық марапат! Қазақстан Патриоты! Естелік мерейтойлық медалі!!! Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында 201 мектеп-гимназиясының 5 ә сынып оқушысы Абдолла Айару Нұрланқызы Казақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның Еңбек Сіңірген Қайраткері, Құрмет Орденінің иегері Филология ғылымдарының докторы Гүлжахан Орданың қолынан “Қазақстан Патриоты” Естелік мерейтойлық медальімен марапатталған еді. Бүгін мектебіміздің оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жұлдыз Мусаевна құттықтау
«Білімім – Отаныма» атты тәрбие сағаты мектебімізде жоғары деңгейде өтті!
23
май
2025
«Білімім – Отаныма» атты тәрбие сағаты мектебімізде жоғары деңгейде
«Білімім – Отаныма» атты тәрбие сағаты мектебімізде жоғары деңгейде өтті! 🔹 «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» деген қағиданы ұстана отырып, бұл шара оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, таным көкжиегін кеңейту, туған тілі мен еліне деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында ұйымдастырылды. 🌱 Ізденімпаз, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында өткізілген тәрбие сағаты оқушыларға мотивация беріп, болашаққа нық қадам жасауға шабыт сыйлады. ВИДЕО
«Баршаалматылық таңғы жаттығу» акциясы
23
май
2025
«Баршаалматылық таңғы жаттығу» акциясы
23 мамыр күні мектебімізде «Баршаалматылық таңғы жаттығу» акциясы аясында көңілді әрі сергітетін жаттығу өткізілді! 💪 Белсенділік танытқан мектеп оқушылары таңды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, денсаулыққа пайдалы қимыл-қозғалыстар жасады. ✨ Спортты серік еткен оқушыларымыз – салауатты өмір салтының жарқын үлгісі!     ВИДЕО