Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
3-сынып оқушылары арасында өткен ағылшын тілі үйірмесі ерекше форматта — квест түрінде өтті!
09
июнь
2025
3-сынып оқушылары арасында өткен ағылшын тілі үйірмесі ерекше
Do you know English? 🇬🇧 3-сынып оқушылары арасында өткен ағылшын тілі үйірмесі ерекше форматта — квест түрінде өтті! 🌟 Балалар әртүрлі тапсырмаларды орындап, жұмбақтарды шешіп, ағылшын тіліндегі білімдерін көрсетіп қана қоймай, командалық жұмыс пен жылдамдықты да ұштастыра білді. 💡🎯 🔍 Қызықты станцияларда: • сөздер құрастыру • түстерді табу • қысқа диалогтарды рөлмен ойнау • және тағы басқа көңілді тапсырмалар болды! 📚 Бұл квест балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып, оқу
“Жаз аруы – 2025” сұлулық пен өнердің мерекесі!
09
июнь
2025
“Жаз аруы – 2025” сұлулық пен өнердің мерекесі!
“Жаз аруы – 2025” сұлулық пен өнердің мерекесі! 🌸 DemaLike лагерінде өткен ең әсем кеш – “Жаз аруы” байқауы болды! Кеш бойы аруларымыз: ✨ Өзін ерекше таныстырып, 🎤 Өз өнерін паш етіп, 💃 Сахнада сән көрсетіп, нағыз модель бола білді! Бұл кеш – тек сұлулық емес, сенімділік, талант және нәзіктік кеші болды. Қыздарымыз өз болмыстарын жарқыратып, жүректерді баурап алды! ВИДЕО
Лагерь сұлтаны — нағыз жігіттер сайысы!
09
июнь
2025
Лагерь сұлтаны — нағыз жігіттер сайысы!
Лагерь сұлтаны — нағыз жігіттер сайысы! 👑 DemaLike лагерінде ерекше атмосфера орнады! Жігіттер сахнаға шығып, өздерін таныстырып, шынайы болмысын көрсетті. Сұрақтарға тапқыр жауап беріп, күш пен ептілікте де бір-бірінен қалыспады. Бұл тек сайыс емес — бұл ер мінезді, сенімді, харизмасы мықты жігіттердің мерекесі болды! 🌟 Қызықты сәттер мен естен кетпес эмоциялар әлі алда! ВИДЕО
DemaLike лагерінде керемет эстафеталық ойын өтті!
09
июнь
2025
DemaLike лагерінде керемет эстафеталық ойын өтті!
Эстафета – тек жарыс емес, бірлік пен батылдықтың көрінісі! DemaLike лагерінде керемет эстафеталық ойын өтті! 🏃‍♂️🏃‍♀️✨ 4 топтың оқушылары шапшаңдық пен ептіліктерін сынап, түрлі кезеңдерден өтті: 🔸 арнайы белгілерден жүгіріп өту 🔸 допты түсірмей алып өту 🔸 теннис добын дәлдікпен жеткізу Жеңімпаздар анықталды: 🥇 ҒАРЫШ тобы – нағыз жарыс шеберлері! 🥈 ЖҰЛДЫЗ тобы – бір қадам ғана артта 🥉 ӘЛЕМ тобы – жігерлі күрес көрсеткендер 🏅 АРЫСТАН тобы – жеңіліске мойымай, достықты биік қойғандар! ВИДЕО
Жеңіс құтты болсын!
08
июнь
2025
Жеңіс құтты болсын!
Жеңіс құтты болсын! 08.06.2025 ж. Дубайда өткен Киокушинкай каратэ бойынша барлық клубтар арасындағы Бірінші Ашық Халықаралық Чемпионатта мектебіміздің мақтанышы Оңғарбай Нұрислам І орынды жеңіп алды! 🇰🇿🥇 Жетістігімен бізді қуантқан Нұрисламға зор алғыс айтып, алар асуларың көп болсын дейміз! Біліммен қатар спортта да биіктен көрінген жас спортшыға сәттілік тілейміз!
ДемаLike лагерьінде “Қайтала” тренді🪄
06
июнь
2025
ДемаLike лагерьінде “Қайтала” тренді🪄
ДемаLike лагерьінде “Қайтала” тренді🪄 Балалар түрлі-түсті ермексаздан көрсеткен жануарлар мен заттарды жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. 👐🎬 Балалардың қиялына шек жоқ — әрбір жұмыс бірегей және ерекше шықты! Осындай қызықты әрі танымдық шаралар балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, қол өнеріне деген ынтасын арттырады. ВИДЕО
“ДемаLike” лагерінің ерекше саяхаты!
06
июнь
2025
“ДемаLike” лагерінің ерекше саяхаты!
“ДемаLike” лагерінің ерекше саяхаты! 2025 жылдың 3 маусымында мектебіміздің жанынан құрылған “ДемаLike” оқушылар лагері аясында демалушы балалар Алатау ауданындағы “Оқушылардың инновациялық шығармашылығы орталығына” қызықты саяхат жасап қайтты. 🔎 Сапар барысында: 🔹 Орталықтағы түрлі бағыттағы үйірмелермен танысты; 🔹 STEM, робототехника, 3D модельдеу, бағдарламалау, электроника бағыттарындағы жобаларды тамашалап, тәжірибелік жұмыстарға куә болды. 💡 Бұл саяхат оқушылардың ғылым мен техникаға
“Әншілерді танисың ба?” сайысы өз мәресіне жетті!
06
июнь
2025
“Әншілерді танисың ба?” сайысы өз мәресіне жетті!
“Әншілерді танисың ба?” сайысы өз мәресіне жетті! 🎶 Бүгінгі көңілді де тартысты музыкалық сайыста қатысушылар өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Әр команда әншілерді танып қана қоймай, олардың әндерін шеберлікпен орындап, көрермендерді тәнті етті! 🏆 Жеңіс Смарт тобының еншісінде! Тапқырлық, командалық жұмыс және музыкаға деген сүйіспеншілік – осының бәрі Смарт тобының жеңісіне жол ашты. Құттықтаймыз! 👏 Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз – сіздер лагерьіміздің нағыз жұлдыздарысыздар! 🌟
“Таза Қазақстан – таза болашақ” экочелленджі!
05
июнь
2025
“Таза Қазақстан – таза болашақ” экочелленджі!
“Таза Қазақстан – таза болашақ” экочелленджі! Бүгін “ДемаLike” лагерінде табиғатты аялауға бағытталған экологиялық челлендж өтті! Балалар тазалыққа үндеп, айналаны таза ұстаудың маңыздылығын іс жүзінде көрсетті. 📢 Челлендж ұраны: 🚯 Қоқысты тастама! 🌸 Гүлді құртпа! 🌳 Ағашты сындырма! 🌿 Табиғат – бәрімізге ортақ. Оны сақтау – әрбір адамның міндеті. Балалар тазалық акцияларына қатысып, табиғатқа деген жанашырлықтарын іспен дәлелдеді! 🌱 Таза орта – жарқын болашақ кепілі! ВИДЕО
"Менің жасыл әлемім” сурет көрмесі!
05
июнь
2025
"Менің жасыл әлемім” сурет көрмесі!
"Менің жасыл әлемім” сурет көрмесі! 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында “ДемаLike” лагерінде ерекше шара өтті! Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, экологиялық ой-санасын бейнелейтін “Менің жасыл әлемім” атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. 🖌️ Көрмеде: 🔹 Балалар өз қолымен салған табиғат тақырыбындағы суреттерін ұсынды; 🔹 Әр туындыда – қоршаған ортаны қорғауға деген үндеу, шынайы сезім мен креатив көрініс тапты. 🌎 Бұл көрме жас ұрпақтың экологияға жанашыр көзқарасын