Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Open Air Sport “бағыты бойынша тоғызқұмалақтан командалық жарыста ІІ орын
15
май
2025
“Open Air Sport “бағыты бойынша тоғызқұмалақтан командалық жарыста ІІ
BalaFest2025 Алматы қаласында өткен “Open Air Sport “бағыты бойынша тоғызқұмалақтан командалық жарыста ІІ орын 🥈 иеленген мектебіміздің мақтаныштары: 🔹 Көпсекбай Мырзатай – 6 “В” сынып 🔹 Көпсекбай Бигелді – 5 “Ә” сынып 🔹 Алмас Асылназ – 5 “Ә” сынып оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз! 👏👏👏 Оқушылардың жеңісіне жол сілтеп, бағыт берген жетекшісі – Көпсекбай Азамат Қалдыбайұлына 🌟 алғысымыз шексіз! Сәттілік серіктеріңіз болсын, биік белестерден көріне беріңіздер! 
Саят Қамшыгердің "Көше балалары" кітабы бойынша оқырман кездесуі өтті
15
май
2025
Саят Қамшыгердің "Көше балалары" кітабы бойынша оқырман кездесуі өтті
Оқырман жүрегін баураған "Көше балалары"! Мектебімізде Саят Қамшыгердің "Көше балалары" кітабы бойынша оқырман кездесуі өтті. 5, 6, 7-сынып оқушылары сүйікті туындылары жайлы пікір бөлісіп, кейіпкерлер әлеміне терең бойлады. 📚 Балалар өз оййын ортаға салып, кітаптың тәрбиелік мәнін талқылап, ұмытылмас әсермен тарқасты. Мұндай әдеби жүздесулер оқуға деген қызығушылықты арттыра түсетіні сөзсіз! ВИДЕО
Оқушылардың репродуктивті денсаулығын сақтау туралы ақпараттық-тәрбиелік кездесу өтті
14
май
2025
Оқушылардың репродуктивті денсаулығын сақтау туралы
Жасөспірім – болашақтың иесі!🔹 Апталық аясында мектебімізде оқушылардың репродуктивті денсаулығын сақтау туралы ақпараттық-тәрбиелік кездесу өтті. ⠀ 📌 Кездесу барысында: ▪️ Жасөспірім кезеңіндегі өзгерістер ▪️ Жеке бас гигиенасы ▪️ Салауатты өмір салты ▪️ Ерте жүктіліктің алдын алу ▪️ ЖЖБИ-ден сақтану жолдары туралы мағлұмат берілді. ⠀ 🌱 Бұл шара – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мен жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам.
Өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
14
май
2025
Өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында түсіндірме
14.05.2025 ж 7-11 оқушылар арасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін арттыру, әскери қызметке деген қызығушылықты жоғарылату және өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, әскери қызметтің маңыздылығы және азаматтық борыш ұғымдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, патриоттық тәрбие беру, жастарды елін сүюге, Отанын қорғауға дайын болуға баулу мақсат етілді.
5-7 сынып оқушыларына “Суда жүзу қауіпсіздік ережелері” бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді
12
май
2025
5-7 сынып оқушыларына “Суда жүзу қауіпсіздік ережелері” бойынша
201 мектеп-гимназиясында 5-7 сынып оқушыларына “Суда жүзу қауіпсіздік ережелері” бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Суға жүзу қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаймыз. 1. Тек рұқсат етілген жерлерде шомылу керек. Арнайы белгіленген жағажайларда ғана жүзуге болады. Белгісіз, тереңдігі немесе түбі анық емес су қоймаларында шомылуға болмайды. 2. Суға тек сергек күйде түсу керек. Мас күйде немесе денсаулық жағдайы нашар кезде шомылуға болмайды. 3. Жүзу алдында денені суға бейімдеу керек. Алдымен
«Қауіпсіздік – басты назарда» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді
12
май
2025
«Қауіпсіздік – басты назарда» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді
2025 жылдың 12 мамыр күні 201 мектеп-гимназиясында Көмек бағдарламасы аясында «Қауіпсіздік – басты назарда» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға түрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігін түсіндіру, өз өмірі мен айналасындағылардың өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу ВИДЕО
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған сенбілік.
08
май
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған сенбілік.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған сенбілік. ВИДЕО
«Жігіт сұлтаны – 2025» байқауы
06
май
2025
«Жігіт сұлтаны – 2025» байқауы
Гимназиямызда «Жігіт сұлтаны – 2025» байқауы өтті. Бұл шара жас ұрпақты батырлыққа, тапқырлыққа және имандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. «Жігіт сұлтаны – 2025» байқауы ұлттық рухты көтеру, салт-дәстүрге деген құрметті арттыру және оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау міндетін көздеді. Байқау барысында жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар анықталып, олардың өнері мен қабілеттері жоғары бағаланды. ВИДЕО
2024-2025 оқу жылын аяқтау және қорытынды бітіру емтихандары
06
май
2025
2024-2025 оқу жылын аяқтау және қорытынды бітіру емтихандары
2024-2025 оқу жылын аяқтау және 9-сынып қорытынды бітіру емтихандары, 11-сынып қорытынды аттестаттау, 5-8,10 сыныптарда білім алушылардың «Қазақ тілі»пәні бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМББС) талаптарына сәйкес төмендегі тәртіпке белгіленсін: 1)1-11 сыныптарда оқу сабақтары 2025 жылғы 23 мамырда аяқталсын; 2) 5-8 сынып, 10 сынып білім алушыларына қазақ тілі және қазақ тілі мен
«Отбасы: дәстүр мен құндылықтың алтын ұясы» атты тәрбие сағаттары өткізілді
05
май
2025
«Отбасы: дәстүр мен құндылықтың алтын ұясы» атты тәрбие сағаттары
1-11 сынып оқушылары «Отбасы: дәстүр мен құндылықтың алтын ұясы» атты тәрбие сағаттары өткізіліп, оқушылар отбасының қоғамдағы рөлі, ұлттық дәстүр мен құндылықтар жайында терең мағлұмат алды.”