Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлттық ойындар күні
05
июнь
2025
Ұлттық ойындар күні
Ұлттық ойындар күні 🇰 Бүгін ДемаLike лагерь алаңында нағыз қазақы рух сезілді! Балаларымыз: 🏇 Аударыспақта – ептілік пен батылдықтарын, 🥏 Ләңгі тебуде – тепе‑теңдік пен шапшаңдықтарын, 🤝 Арқан тартыста – ұйымшылдық пен күштерін, 🙈 Соқыртекеде – сенім мен көңілді көңіл‑күйлерін сынға салды. Ұлттық ойындар – өткен мен бүгінді жалғап, ұрпақты рухани байытады. Осындай сәттер арқылы балалар тарихымызды сезініп, достықты нығайтады. 📸 Мәз‑майрам сәттерді сурет‑видеодан тамашалаңыз! ВИДЕО
4 Маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!
04
июнь
2025
4 Маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!
4 Маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні! Бұл – Ту, Елтаңба және Әнұран секілді елдігіміздің басты белгілерін ұлықтайтын, отансүйгіштік рухты оятатын айрықша күн. Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің тұмары, бірлігіміздің белгісі, елдігіміздің айғағы! Осы күнде жас ұрпақ бойына патриоттық сезім ұялату – баршамыздың ортақ міндетіміз! Мемлекеттік рәміздерімізді қадірлеу – елін сүюдің айқын көрінісі! ВИДЕО
1 маусым – Халықаралық балалар күні
02
июнь
2025
1 маусым – Халықаралық балалар күні
1 маусым – Халықаралық балалар күні 🌈 Осы ерекше мерекеге орай мектебімізге қуыршақ театры қонаққа келіп, балаларға ұмытылмас қуаныш сыйлады! 🎭🧸 🎬 Театр әртістері сүйікті «Үйшік» ертегісін қуыршақтармен әсерлі түрде сахналап, кішкентай көрермендерді ертегінің сиқырлы әлеміне жетеледі. 🐭🐸🐰🐔🐻🦊Балалар аңдардың достығы мен татулығы туралы маңызды ой түйіп, кейіпкерлермен бірге ән айтып, ойындарға да белсене қатысты. ✨ Түрлі-түсті қуыршақтар, көңілді сахналар мен шынайы эмоциялар бұл күнді жарқын
“Алматы БАЛАFEST-2025” фестивалі
01
июнь
2025
“Алматы БАЛАFEST-2025” фестивалі
“Халықаралық балаларды қорғау күні” мерекесіне арналған “Алматы БАЛАFEST-2025” фестивалі🎨
1-маусым – Халықаралық балалар күні құтты болсын!
01
июнь
2025
1-маусым – Халықаралық балалар күні құтты болсын!
1-маусым – Халықаралық балалар күні құтты болсын! 🎉💐 Бүгін – әлемнің бар жылуы мен шуағы балаларға арналатын ерекше күн! 🧒👧 💖 Барлық балақайлар әрдайым шат-шадыман күлкіге, мейірім мен махаббатқа бөлене берсін. 🌈 Болашағымыздың жарқын жұлдыздары – балалар аман болсын, олардың армандары орындалып, жүректері үмітке, жүздері қуанышқа толы болсын! Балалықтың бал дәурені ұзаққа созылып, әлем тек олардың күлкісімен әрлене берсін! ВИДЕО
«2024-2025 оқу жылының қорытындысы» тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес өтті.
30
май
2025
«2024-2025 оқу жылының қорытындысы» тақырыбында кезекті педагогикалық
«2024-2025 оқу жылының қорытындысы» тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде оқу жылындағы жұмыстарымызды қорытындылап, жетістіктер мен алдағы мақсаттарымызды сараладық. Ұстаздарымыздың ерен еңбегі мен шығармашылығының арқасында тағы бір табысты оқу жылын артқа қалдырдық. 📖✨ ⠀ 🔹 Оқушылардың білім нәтижелері 🔹 Тәрбие жұмыстары 🔹 Мұғалімдердің жетістіктері мен тәжірибе алмасу 🔹 Келесі жылға қойылған міндеттер – кеңес барысында кеңінен талқыланды. Ұжымымызға алғыс білдіре
“ДемаLike” мектеп жанындағы лагерь аясында 3-сыныптар арасында “Ойнайық та, ойлайық!” интеллектуалды сайысы өтті.
29
май
2025
“ДемаLike” мектеп жанындағы лагерь аясында 3-сыныптар арасында
29.05.2025ж. “ДемаLike” мектеп жанындағы лагерь аясында 3-сыныптар арасында “Ойнайық та, ойлайық!” интеллектуалды сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың зейінін, ойлау қабілетін, логикалық және тілдік білімдерін арттыру. Сайыс соңында белсенді қатысқан топтар мақтау қағаздарымен марапатталды. ВИДЕО
2024-2025 оқу жылының 9,11 сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру мемлекеттік емтихандары басталды.
29
май
2025
2024-2025 оқу жылының 9,11 сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру
2024-2025 оқу жылының 9,11 сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру мемлекеттік емтихандары басталды. Түлектерімізге сәттілік тілейміз! ВИДЕО
“ДемаLike” лагерінде “Мен болашақ дизайнермін” сайысы өтті.
28
май
2025
“ДемаLike” лагерінде “Мен болашақ дизайнермін” сайысы өтті.
28.05.2025жылы “ДемаLike” лагерінде “Мен болашақ дизайнермін” сайысы өтті. 🪄Сайыс мақсаты:Балаларды экологиялық санаға тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және қалдық заттарды қайта пайдалану арқылы сән үлгілерін жасауға баулу. 🪅Сайыс барысы: Қатысушылар пластиктен, ескі газет, қағаздардан, маталар, полиэтиленді пакет, қаптама картон сынды тұрмыстық қалдықтардан сән үлгілерін жасады. Сайыс шығармашылық, идеяның жаңашылдығы және экологиялық мәні бойынша бағаланды. Балалар қалдық заттарға
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
28
май
2025
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні! Құрметті ұстаздар, ата-аналар және жас достар! Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – болашағымыздың алтын діңгегі саналатын балалардың күлкісі мен қуанышын дәріптейтін, оларға деген жауапкершілік пен қамқорлықты айшықтайтын ерекше күн. Балалар – біздің ең асыл қазынамыз, үкілі үмітіміз. Олардың жан-жақты дамуына, білім алып, тәрбиелі, табанды азамат болып өсуіне баршамыз жауаптымыз. Қадірлі