Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті
19
май
2025

Діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

201 мектеп-гимназиясында діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесуді “Жаухар” ұлттық дәстүрді қолдау қорының өкілі, дінтанушы Мадина Серікқызы Әлімғожинова жүргізді.

Кездесу барысында оқушыларға діни экстремизмнің қоғамға тигізетін зияны, жастарды теріс идеологиялардан қорғау жолдары, сондай-ақ жеке жауапкершілік пен сыни ойлаудың маңызы туралы кеңінен түсіндірілді. Мадина Серікқызы радикалды идеологиялардың таралу жолдарын, интернеттегі күмәнді ақпарат көздерінен сақтану тәсілдерін нақты мысалдармен көрсетті.

Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтер алды. Мұндай кездесулердің басты мақсаты – жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу, олардың құқықтық және рухани мәдениетін қалыптастыру.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив