10
июнь
2025
Құрметті ата-аналар мен 9 және 11-сынып түлектері!

Алматы қаласы, Алатау ауданының білім мекемелері атынан баршаңызды мектеп бітіру кезеңімен құттықтаймыз!
Аттестат тапсыру — оқушы өміріндегі аса маңызды әрі жауапты сәттердің бірі. Бұл күннің қауіпсіз әрі жағымды өтуі бәріміз үшін аса маңызды. Осыған орай, төмендегі қауіпсіздік ережелеріне назар аударуларыңызды сұраймыз:
🔴 Аттестат тапсыру рәсімі – бұл ресми шара. Оны тойлау, думанды кештер өткізуге қатаң тыйым салынады.
🔴 Қала ішінде көлікпен серуендеуге және кортеж ұйымдастыруға болмайды.
🔴 Музыка қойып, көлікте немесе көшеде мереке жасауға тыйым салынады.
🔴 Мейрамхана мен ойын-сауық орындарында жиналуға болмайды.
⚠️ Қауіпсіздік шаралары:
▪️ Қауіпті орындарға (тау, көл, халық көп жиналатын орындар) бармауға кеңес береміз.
▪️ Экстремалды “челлендждерге” және өз өміріне қауіп төндіретін әрекеттерге қатыспау керек.
▪️ Темекі, алкоголь және зиянды заттарды қолдануға қатаң тыйым салынады.
📌 Аттестат алу рәсімі аяқталған соң, оқушылардың үйге бірден оралуы қажет.
‼️ Барлық ата-аналардан балаларына ерекше назар аударып, бақылауды күшейтуді сұраймыз.
Бұл шаралар балаларымыздың қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Құрметпен қарап, түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Бірлесе әрекет етіп, жас түлектеріміздің өміріндегі бұл маңызды сәтті тыныш әрі қауіпсіз түрде өткізуге атсалысайық!
🔷 Құрметпен,
Алатау ауданының білім бөлімі
және мектеп әкімшілігі