Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5-7 сынып оқушыларына “Суда жүзу қауіпсіздік ережелері” бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді
12
май
2025

5-7 сынып оқушыларына “Суда жүзу қауіпсіздік ережелері” бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

201 мектеп-гимназиясында 5-7 сынып оқушыларына “Суда жүзу қауіпсіздік ережелері” бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Суға жүзу қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаймыз.
1. Тек рұқсат етілген жерлерде шомылу керек.
Арнайы белгіленген жағажайларда ғана жүзуге болады. Белгісіз, тереңдігі немесе түбі анық емес су қоймаларында шомылуға болмайды.
2. Суға тек сергек күйде түсу керек.
Мас күйде немесе денсаулық жағдайы нашар кезде шомылуға болмайды.
3. Жүзу алдында денені суға бейімдеу керек.
Алдымен аяқ-қолға, кейін денеге су шашып, суыққа үйрену қажет.
4. Жалғыз және алысқа жүзуге болмайды.
Алысқа жүзіп кету — қауіпті. Әсіресе, егер өзіңнің мүмкіндіктеріңді нақты білмесең.
5. Балаларды үлкендердің қарауынсыз суға жібермеңіз.
Балалар ересектердің бақылауында болуы тиіс.
6. Қатты ағысы бар, шөп өскен немесе балдыр басқан жерлерде шомылуға болмайды.
Мұндай жерлерде аяқ оралып, адам суға батып кетуі мүмкін.
7. Қайықтар мен катерлерге жақын жүзуге болмайды.
8. Суға итеру, батыру, қалжыңдап қорқыту — қауіпті.
Бұл – адам өміріне қауіп төндіретін әрекеттер.
9. Жүзуді білмесеңіз, арнайы құралдармен ғана шомылыңыз.
Құтқару кеудешелері, дөңгелектер пайдаланыңыз.
10. Дауыл немесе найзағай кезінде суға түсуге болмайды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив