Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Адалдық пен тәртіп – қоғам тірегі»* тақырыбында сынып сағаты
15
сентябрь
2025
«Адалдық пен тәртіп – қоғам тірегі»* тақырыбында сынып сағаты
Бүгін 5–7-сынып оқушылары арасында «Адалдық пен тәртіп – қоғам тірегі»* тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сағат барысында оқушылар адал болудың, әділ әрекет етудің маңызын түсініп, шынайы өмірден мысалдар келтірді. ✨ Қоғамда сенім мен сыйластық орнауы — әр адамның ішкі мәдениеті мен адалдығына тікелей байланысты екені айтылды. Адалдық – болашақтың берік іргетасы! ​https://www.instagram.com/reel/DOnUtFMiA6W/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
“Менің сыныбым буллингке қарсы” челленджі өткізілді
15
сентябрь
2025
“Менің сыныбым буллингке қарсы” челленджі өткізілді
“Өркен” балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының ұйымдастыруы бойынша 7 сынып оқушыларымен “Менің сыныбым буллингке қарсы” челленджі өткізілді. Мақсаты: балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг,кибербуллинг және зорлық-зомбылықтың алдын алу ​https://www.instagram.com/reel/DOm8ZBoCMQu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Мектеп-гимназияның материалдық- техникалық базасы нығайды
11
сентябрь
2025
Мектеп-гимназияның материалдық- техникалық базасы нығайды
Биылғы оқу жылына дайындық барысында қаржы жоспарына сәйкес мұғалімдерге қолайлы ортада жұмыс жасап, сапалы білім беруге қажетті қосымша құрал ретінде мектеп-гимназияның материалдық- техникалық базасы нығайды. Интерактивті тақтаның орнына заманауи интерактивті панель, жаңа принтер, оқушылармен еркін форматта сабақ өтуге арналған планшеті бар тез қозғалуға ыңғайлы орындықтар алынды. Мемлекет білім саласына жақсы қолдау көрсетуде. Біз бұл мүмкіндікті ұтымды пайдаланып сапалы білім беруге және
Спорт зал — тек дене емес, тәрбие мен табандылық мектебі!
11
сентябрь
2025
Спорт зал — тек дене емес, тәрбие мен табандылық мектебі!
Спорт зал — тек дене емес, тәрбие мен табандылық мектебі! Кіші спорт залға жөндеу жұмысы жүргізілді. ⚠️ Дене шынықтыру сабағындағы ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ 🟡 Сабаққа дейінгі қауіпсіздік: 1. ✅ Арнайы спорт киім мен аяқ киім кию • Ыңғайлы, жеңіл әрі таймайтын аяқ киім болуы керек. 2. ✅ Сабаққа уақтылы келу • Жаттығу алдында жақсылап қыздыру (разминка) қажет. 3. ✅ Денсаулық жағдайыңды мұғалімге айту • Егер өзіңді жайсыз сезінсең (бас айналу, жүрек айныса т.б.), міндетті түрде хабарлау керек. 🟡 Сабақ
Мектеп спорт залында ағымдағы жөндеу жұмысы жасалды
11
сентябрь
2025
Мектеп спорт залында ағымдағы жөндеу жұмысы жасалды
Мектеп спорт залы — тек қана спортпен айналысатын орын емес, ол оқушылардың тәрбиесі, ынтымақтастығы мен денсаулығын дамытатын орта. Биыл №201 мектеп-гиназиясының үлкен спорт залына 6 жылдан соң алғаш рет ағымдағы жөндеу жұмысы жасалды. Бұл залда дене шынықтыру сабағы ғана емес волейбол, баскетбол қосымша спорттық үйрмелері ұйымдастырылған.
Даму жоспары аясында би залы жасалды
11
сентябрь
2025
Даму жоспары аясында би залы жасалды
Би өнері – балаларды тәрбиелеу мен дамытудың тамаша құралы және баланың жеке тұлға ретінде ашылуына көмектеседі. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау. Қосымша білім берудегі ең негізгі мәселелердің бірі — шығармашыл тұлғаны дамыту және қалыптастыру. №201 мектеп-гимназиясының 5 жылдық даму жоспары аясында биыл ағымдағы жөндеу жұмысында оқушыларды қосымша біліммен қамту мақсатында би залы жасалды. Би залында оқушылардың жайлылығы мен
Кітапханаға модернизация жасалды
11
сентябрь
2025
Кітапханаға модернизация жасалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес, БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында биыл, №201 мектеп-гимназиясының жас оқырмандары үшін кітапханаға модернизация жасалып, жаңа көркем әдебиет кітаптарымен толықты. Оқушыларымыздың көңілінен шығып, мектеп қабырғасында ең жайлы орын болатынына сенеміз 📚 📚 Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана. © Әбіш Кекілбаев
«Әкем, анам және мен – спортшымыз шетінен!» спорттық эстафеталық ойындар
11
сентябрь
2025
«Әкем, анам және мен – спортшымыз шетінен!» спорттық эстафеталық
Отбасы күні мерекесіне орай мектебімізде 1-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының қатысуымен спорттық эстафеталық ойындар өтті. «Әкем, анам және мен – спортшымыз шетінен!» ұранымен өткен жарыс көңілді әрі тартысты болды. Оқушылар ата-аналарымен бірге түрлі спорттық кезеңдерден өтіп, жылдамдықтарын, ептіліктерін, бірліктерін көрсетті. Іс-шараның мақсаты – ата-аналар мен балалар арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру болды
Жаңадан қабылданған жас мамандарға әдістемелік және кәсіби қолдау
10
сентябрь
2025
Жаңадан қабылданған жас мамандарға әдістемелік және кәсіби қолдау
2025 жылдың 10 қыркүйек күні мектебімізге жаңадан қабылданған жас мамандарға әдістемелік және кәсіби қолдау көрсету мақсатында жиналыс өтті. Жиналыс барысында, мектеп басшысы жас мамандарды педагогикалық этиканы сақтау, әр оқушының жеке ерекшелігін ескеріп жұмыс жасау, сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану, ЖИ-нің озық технологиясын пайдаланып, жан-жақты, шығармашыл болуға шақырды. Сондай-ақ, тәжірибе алмасу, кәсіби даму курстары мен семинар-тренингтерге қатысу мүмкіндіктері айтылды.
Белсенділік – денсаулық кепілі!
09
сентябрь
2025
Белсенділік – денсаулық кепілі!
​https://www.instagram.com/p/DOYuu5tCLHR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ Белсенділік – денсаулық кепілі! Бүгін мектебімізде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес, оқу күні 3 минуттық дене жаттығуларымен басталды! Әр сейсенбі сайын өтетін бұл дәстүрлі жаттығулар оқушылардың сергек, белсенді әрі көңілді болуына септігін тигізеді. ✅ Мақсат – балалардың денсаулығын нығайту, күн тәртібіне қозғалысты енгізу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.