27
май
2025
«ДемаLIKE» мектепішілік жазғы лагерінде «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы өтті
№201 мектеп-гимназиясының «ДемаLIKE» мектепішілік жазғы лагерінің 1 сынып оқушыларынан құрылған «Сұңқар» тобында топ жетекшісі А.Ж.Турысбаеваның ұйымдастыруымен «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы өтті. Сайыста оқушылар «Зерек», «Білгірлер», «Барыс» топтары аясында бірігіп, берілген суреттер бойынша мақалдарды тауып, жұмбақтар шешті. Мақалдардың жалғасын тауып, жұмбақ шешу оқушылардың ой-өрісін дамытып, ұшқырлыққа, тіл байлығын молайтуға оң әсерін тигізеді. Сайыс барысында жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар дипломдармен, мақтау қағазымен марапатталды.
Топ жетекшісі.Турысбаева.А.Ж
Топ жетекшісі.Турысбаева.А.Ж
