28
май
2025
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және жас достар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – болашағымыздың алтын діңгегі саналатын балалардың күлкісі мен қуанышын дәріптейтін, оларға деген жауапкершілік пен қамқорлықты айшықтайтын ерекше күн.
Балалар – біздің ең асыл қазынамыз, үкілі үмітіміз. Олардың жан-жақты дамуына, білім алып, тәрбиелі, табанды азамат болып өсуіне баршамыз жауаптымыз.
Қадірлі әріптестер мен ата-аналар! Сіздерге бала тәрбиесі жолындағы еңбегіңізге алғысымды білдіремін. Балалардың бақыты мен жарқын болашағы үшін бірлесе еңбек ете берейік.
Ал сүйікті балалар! Әр күніңіз шаттық пен қуанышқа толы болсын! Еліміздің мақтанышы болар азамат болып өсулеріңізге тілектеспін.