Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Таза Қазақстан"жалпыұлттық экологиялық акциясы өтуде
08
апрель
2025
"Таза Қазақстан"жалпыұлттық экологиялық акциясы өтуде
Елімізде көктемнен бастап "Таза Қазақстан"жалпыұлттық экологиялық акциясы өтуде. Акцияның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, "адал адам – адал еңбек – адал табыс" патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау. Бүгін біздің 201 мектеп-гимназияда ерекше күн болды! Алматыдағы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдері қонаққа келіп, оқушыларымызға табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы танымды дәріс өткізді. Оқушыларымыз табиғатпен үйлесімді өмір
«Оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау» әдістемесі жүргізілді.
08
апрель
2025
«Оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау» әдістемесі
4-сынып оқушыларының логикалық ойлауының және интеллектуалдық қабілетін анықтауға арналған А.З.Зак ұсынған «Оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау» әдістемесі жүргізілді. 🖇️Бұл әдістеме екі тапсырмадан тұрады. Біріншісі «Анаграммалар», ал екіншісі «22 есеп» деп аталады. Оларды ретімен орындау нәтижесінде баланың абстракциялық ойлауының орын алуы, шешу жолын білмейтін мәселелерді орындауға қабылдауы, теориялық интеллектінің қалыптасуы зерттелінеді.
алық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының аудандық кезеңінде «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап»-жас ақындар номинациясы бойынша
08
апрель
2025
алық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының аудандық кезеңінде «Жаз!
8-11-сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының аудандық кезеңінде «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап»-жас ақындар номинациясы бойынша 10 «Б» сынып оқушысы Байтөре Азамат 2-орынды иеленді. Жетекшісі:Д.А.Бактыбаева «Сұлу сөздің сүлейі» шығарманың көркемдік құрылысын талдау номинациясы бойынша 9 «Б» сынып оқушысы Бегалиева Толғанай 2-орын; «Заманның заңғар тұлғасы» буктрейлер номинациясы бойынша 9 «Ә» сынып оқушысы Айдынқызы Инабат 2-орын; «Ілияс – эпик ақын»
«Қозғалыстағы ғылым. Science in Motion» атты математика-жаратылыстану онкүндігі өтуде
07
апрель
2025
«Қозғалыстағы ғылым. Science in Motion» атты математика-жаратылыстану
07.04.2025 – 17.04.2025 аралығында мектебімізде «Қозғалыстағы ғылым. Science in Motion» атты математика-жаратылыстану онкүндігі өтуде. Онкүндік – оқушылардың ғылыми білімін тереңдетіп қана қоймай, ғылымға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған ерекше платформа. Апталық аясында пәндер түрлі креативті форматта ұсынылды: • Химия пәнінен “Джин” әдісі арқылы әсерлі тәжірибе көрсетілді; • Физикада “Фарадейдің электролиз құбылысы” тәжірибе жүзінде таныстырылды; • География сабағында оқушылар “Кім
Балалардың терезеден құлауының алдын алу мақсатында сынып сағаттары өткізілді
07
апрель
2025
Балалардың терезеден құлауының алдын алу мақсатында сынып сағаттары
Мектебімізде су айдындарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың терезеден құлауының алдын алу, Балалардың терезеден құлауының алдын алу мақсатында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жағымсыз оқиғалардың алдын алу жолдары жан-жақты қарастырылды. Балалардың өмірі мен денсаулығы – басты назарда екенін ескере отырып, мұндай алдын алу шараларының маңызы зор екені атап өтілді.
Мектебімізде Наурыз мейрамын ерекше сән-салтанатпен қарсы алу дәстүрі биылда жалғасын тапты
05
апрель
2025
Мектебімізде Наурыз мейрамын ерекше сән-салтанатпен қарсы алу дәстүрі
Мектебімізде Наурыз мейрамын ерекше сән-салтанатпен қарсы алу дәстүрі биылда жалғасын тапты. Ата-аналар мен оқушылардың бірлесе атсалысуымен өткен бұл мерекелік шарада ұлттық тағамдар әзірленіп,ойындар ойнатылып, ата-бабамыздан жеткен салт-дәстүрлер кеңінен насихатталды. Наурыз думаны – тек мереке ғана емес, ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырудың жарқын көрінісі. видео
«Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым» бағыты бойынша жетістіктеріміз
04
апрель
2025
«Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым» бағыты бойынша
8-11-сынып оқушылары арасындағы «Әбіш оқулары» республикалық байқауының аудандық кезеңінде «Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым» бағыты бойынша 9 «Ә»сынып оқушылары Шыңғыс Ұлағат, Анарбекова Айару, Дәулетхан Айша, 9 «Б»сынып оқушысы Бақдәулет Ахметжан, 10 «б»сынып оқушысы Байтөре Азамат қатысып, 2-орынмен және үздік өнер көрсеткен 9 «Ә»сынып оқушысы Шыңғыс Ұлағат алғыс хатпен марапатталды. «Әбіш Кекілбаев шығармаларын мәнерлеп оқу» бағыты бойынша 9 «Ә» сынып оқушысы Сериккан
Жол ережесін білу – қауіпсіздіктің кепілі!
03
апрель
2025
Жол ережесін білу – қауіпсіздіктің кепілі!
🚸 Жол ережесін білу – қауіпсіздіктің кепілі! 🚦 Бүгін мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына арналған ерекше практикалық сабақ өтті. Іс-шараға мектеп инспекторы Нұрбек Айза қатысып, балаларға жолда жүру ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Балалар жаяу жүргіншілер жолағын қалай дұрыс пайдалану керек екенін, бағдаршамның түстерін, жол белгілерінің мағынасын үйреніп қана қоймай, өздері іс жүзінде тәжірибе жасап көрді. 🛑🚶‍♀️🟢 Мақсат – оқушылардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру және
10-11 сыныптардың қатысуымен еліміздің мықты профоиентологі Омарбек Көшкімбайұлымен «Оян Талапкер!» ұранымен кездесу өтті
02
апрель
2025
10-11 сыныптардың қатысуымен еліміздің мықты профоиентологі Омарбек
Мектебіміздің профориентологі Сағынтаева Нұршат Жұмабекқызының ұйымдастыруымен 10-11 сыныптардың қатысуымен еліміздің мықты профоиентологі Омарбек Көшкімбайұлымен «Оян Талапкер!» ұранымен кездесу өтті. Мақсаты: 10-11 сынып оқушыларына мамандық түрлерімен, грант түрлерімен таныстыру және жоғарғы оқу орнын дұрыс таңдау жасау үшін жол көрсету болатын. Оқушылар өздеріне қажетті ақпараттар алып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып пікір алмасты ВИДЕО
Мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттау
02
апрель
2025
Мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттау
ВИДЕО ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығының 3 тарау 58 тармағы бойынша және №4 кезектен тыс педагогикалық кеңестің шешімі негізінде 11 «А» сынып оқушысы Орынбаев Кәрім Бірлікұлы Австрия мемлекетіне оқуға түсуіне байланысты мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттаудан өтеді. 2025 жылдың 02.04. күні” Қазақстан тарихы” пәнінен /ауызша/ емтихан тапсырды. Түлегімізге сәттілік тілейміз!