08
апрель
2025
"Таза Қазақстан"жалпыұлттық экологиялық акциясы өтуде
Елімізде көктемнен бастап "Таза Қазақстан"жалпыұлттық экологиялық акциясы өтуде.
Акцияның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, "адал адам – адал еңбек – адал табыс" патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау.
Бүгін біздің 201 мектеп-гимназияда ерекше күн болды!
Алматыдағы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдері қонаққа келіп, оқушыларымызға табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы танымды дәріс өткізді.
Оқушыларымыз табиғатпен үйлесімді өмір сүрудің жолдарын үйреніп қана қоймай, іс жүзінде де үлес қосты. Қонақтар сыйлаған қарағай көшеттерін мектеп ауласында бірге отырғыздық.
Бұл тек ағаш отырғызу емес, бұл — болашаққа жасалған игі қадам, табиғатқа деген қамқорлықтың, жанашырлықтың белгісі!
Іле-Алатау қорығы ұжымына алғысымыз шексіз!
Табиғатты бірге қорғап, жасыл Алматыны бірге құрайық!