17
апрель
2024
«Қазақстандағы экологиялық жағдай» атты дөңгелек үстел отырысы
Бүгін, Алатау ауданындағы № 201 мектеп-гимназиясында “Алматы - біздің ортақ үйіміз” экологиялық акция аясында, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығының ұйымдастырумен «Қазақстандағы экологиялық жағдай» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараның спикері – «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртісі, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты, дәстүрлі әнші Ағлақова Ұлжан Уайханқызы болды. Дөңгелек үстелге аталмыш мектептің 8-сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Іс-шара барысында өскелең ұрпаққа табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық жағдай орын алғанда атқарылатын қарсы іс-қимыл жұмыстарын жүзеге асыру бойынша және елімізде болып жатқан жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және т.б. табиғи апаттар туралы мәліметтер берілді.