07
апрель
2025
«Қозғалыстағы ғылым. Science in Motion» атты математика-жаратылыстану онкүндігі өтуде
07.04.2025 – 17.04.2025 аралығында мектебімізде «Қозғалыстағы ғылым. Science in Motion» атты математика-жаратылыстану онкүндігі өтуде.
Онкүндік – оқушылардың ғылыми білімін тереңдетіп қана қоймай, ғылымға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған ерекше платформа.
Апталық аясында пәндер түрлі креативті форматта ұсынылды:
• Химия пәнінен “Джин” әдісі арқылы әсерлі тәжірибе көрсетілді;
• Физикада “Фарадейдің электролиз құбылысы” тәжірибе жүзінде таныстырылды;
• География сабағында оқушылар “Кім тапқыр?” ойынында тулар арқылы мемлекеттерді анықтады;
• “Мықты болсаң, тауып көр!” атты білім сайысында математика, физика, информатика, биология, химия және география пәндері бойынша оқушылар білімдерін сынады;
• “Жылыжайда өсірілген өсімдіктер” жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін ұсынды.
Бұл онкүндік – ғылымның күнделікті өмірмен тығыз байланысын көрсетіп, зерттеуші тұлғаны қалыптастыру жолында маңызды қадам болды.
Ғылым – қозғалыста!