20
январь
2026
Білім алушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында полиция қызметкерлерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Мамандық таңдау – әрбір жасөспірім үшін болашақ өмір жолын айқындайтын маңызды кезең. Осыған байланысты білім алушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында полиция қызметкерлерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері құқық қорғау органдарында қызмет етудің ерекшеліктері, полиция мамандығының қоғамдағы рөлі мен маңызы, қызмет барысында қойылатын талаптар жөнінде кеңінен мәлімет берді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (МВД) оқу орындарына түсу жолдары, қабылдау талаптары, емтихан түрлері, дене дайындығы мен медициналық тексеруден өту тәртібі туралы нақты ақпарат ұсынылды.
Полиция қызметкерлері болашақ маман иелеріне тәртіптілік, жауапкершілік, патриоттық сезім мен заңға құрметтің маңыздылығын атап өтті. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, құқық қорғау саласына қызығушылық танытқан жастарға пайдалы кеңестер айтылды.
Кездесу оқушылардың мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырып, полиция қызметіне деген оң көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.