Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бауыржан Жақыппен рухани-танымдық кездесу кеші өткізілді.
22
январь
2026

Бауыржан Жақыппен рухани-танымдық кездесу кеші өткізілді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында ақын, публицист, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Бауыржан Жақыппен рухани-танымдық кездесу кеші өткізілді.
Кеш барысында оқушылар ақынның шығармашылығымен тереңірек танысып, поэзия мен ғылымның мәні туралы тағылымды ойларды тыңдады.
Ақын жас ұрпақты білімге, ой еркіндігіне, рухани биікке ұмтылуға үндеп, өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
Белгілі шәкірттері Саят Қамшыгер мен Бауыржан Әлқожа ұстазына жүрекжарды жылы лебізін білдіріп, жырдан шашу шашты.
Кеш соңында мектеп басшысы Арайлым Мәтжанқызы келген қонақтарға алғысын білдіріп, тағылымы мол шараның жас ұрпаққа ой салып, болашаққа бағыт-бағдар беретінін айтты.
Ұйымдастырушылар: Д.А.Бактыбаева, Меруерт Үсенқызы,Жадыра Серікқызы.

https://www.instagram.com/reel/DT47oMxCDez/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив