Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алаш арыстары және Тәуелсіздік» атты ғылыми конференция өтті
12
декабрь
2024

«Алаш арыстары және Тәуелсіздік» атты ғылыми конференция өтті

Ұлт рухын жаңғыртқан кездесу!
12.12.2024 ж. № 201 мектеп-гимназиясында «Ұлт тілін ұлықтау-алаш аманатына адалдық,келешекке бағыт» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында «Алаш арыстары және Тәуелсіздік» атты ғылыми конференция өтті.Бұл іс-шара қазақ халқының азаттығы мен тәуелсіздігі жолында жанын қиған Алаш арыстарының 130 жылдық мерейтойына арналды.
Ғылыми конференциямыздың басты қонақтары - қазақ әдебиеті мен мәдениетінің қос ардақты тұлғасы – әдебиеттанушы ғалым, профессор Қансейіт Әбдезұлы мен белгілі түркітанушы, Шығыс әдебиетінің білгірі, профессор Жеменей Ислам мырза оқушыларға қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалар – Алаш арыстары туралы тағылымды әңгімелерімен бөлісті. Алаш қозғалысының рухани, саяси және мәдени мұрасын тереңінен талдап берді.Ұлттық тәуелсіздікке ұмтылған Алаш қайраткерлерінің ерен еңбегі;Тіл, білім және мәдениетті дамытудағы тарихи рөлі;Бүгінгі ұрпаққа аманатталған ұлы мұрат екендігі айтылды.Сонымен қатар қос ғалым мектебімізге бірнеше құнды кітаптарды сыйға тартты.Осындай мазмұнды кездесулер оқушыларымыздың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, ел болашағы үшін жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді. Ғалым ағаларымызға шексіз алғысымызды білдіреміз!
Ұлы тұлғаларды ұлықтау – ұрпақ парызы!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив