11
декабрь
2024
«Ғылымға құштар оқушы – ел болашағы» тақырыбында семинар
2024 жылы 11 желтоқсанда «Ұлт тілін ұлықтау – алаш аманатына адалдық, болашаққа бағыт» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі аясында «Ғылымға құштар оқушы – ел болашағы» тақырыбында семинар өтті.
Мақсаты: Білім алушыларды жас кезеңдеріне қарай ғылыми-зерттеу жұмыстарына жүйелі тартудың, ғылымда жаңалық ашуға деген қызығушылығын оятудың тиімді жолдарын тәжірибемен ұштастыра көрсету.
Семинардың спикері жазушы, драматург, сыншы, педагог-зерттеуші Рақыш Айзат Серікқызы оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартудың тиімді жолдарын ұсынып, жеке іс-тәжірибесімен бөлісті. Республикалық «Зерде» ғылыми-зерттеу жобасының аудандық кезеңінде 1-орынды иеленген 6 «Б» сынып оқушылары Серік Асылназ бен Мұқатай Рамазан жобаларын ұсынып, өз тәжрибелерін ортаға салды. Оқушылар спикерге сұрақтар қойып, мағыналы да тұщымды жауаптар алды.
Шара соңында мектеп директоры Шамова Арайлым Мәтжанқызы сөз сөйлеп, келген қонақты алғыс хатпен марапаттады.
Ұйымдастырушы: М.У.Дусимбаева