21
май
2025
Ұрпақтар үндестігі: Саят Қамшыгермен кездесу
Ұрпақтар үндестігі: Саят Қамшыгермен кездесу.
Мектебімізде Қазақстанның белгілі ақыны, аудармашы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Ақпарат саласының үздігі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Саят Қамшыгермен әсерлі кездесу өтті.
Кездесу барысында ақынның шығармашылығы, поэзиядағы жолы, аудармашылық еңбегі туралы мазмұнды әңгіме өрбіді. Әсіресе, «Көше балалары» атты кітабы кеңінен талқыланды. Оқушылар бұл шығармаға қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салып, тақырыптың тәрбиелік мәні мен өмірлік сабақтарына тоқталды.
Ақынмен еркін форматта өткен сұхбат барысында оқушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, рухани азық алды. Кездесу – жас ұрпақтың әдебиетке, кітапқа, ақын-жазушыларға деген қызығушылығын оятып, шабыт берген тағылымды шара болды.