Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ТӘРБИЕ - ҰРПАҚТЫҢ САНАСЫНА ІЗ ҚАЛДЫРАДЫ
19
февраль
2025

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ТӘРБИЕ - ҰРПАҚТЫҢ САНАСЫНА ІЗ ҚАЛДЫРАДЫ

19.02.2025 күні «Отбасы мен мектеп бірлігі - болашақ ұрпақ тірегі» атты ата-аналар онкүндігінің аясында М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Бекжан Тұрыс Асаубайұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында Бекжан Асаубайұлы қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрінің жас ұрпаққа берер тәрбиелік мәні туралы ой қозғап, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап өтті. Ата-аналар мен оқушылар актерге сұрақтар қойып, ұлттық тәрбие, театр өнері және мәдениет мәселелері төңірегінде өзара пікір алмасты.

Ұлттық руханият тұрғысынан тәлімі мен тағылымы мол кездесу барысында көрсетіліп жатқан құрметке риза болған Бекжан ағамыз оқушыларға жылы лебізін білдіріп, ақ батасын берді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив