17
февраль
2025
«Отбасы мен мектеп бірлігі, болашақ ұрпақ тірегі» атты ата-аналар онкүндігінің ашылуы салтанаты
2025 жылдың 17 ақпан күні «Отбасы мен мектеп бірлігі, болашақ ұрпақ тірегі» атты ата-аналар онкүндігінің ашылуы салтанатты түрде өтті. Іс-шараның ашылуында балалар мен ата-аналардың өнерін тамашалап, «Жарық жұлдыз» сұрақ-жауап айдары бойынша ата-аналардың ой-пікірі тыңдалды. Онкүндік барысында ата-аналарға арналған семинар-тренингтер, кездесу кештері, дебат, спорттық сайыс, тимбилдинг, ата-аналар жиналысын ұйымдастыру жоспары таныстырылып, ата-аналарды мектеппен ынтымақтастықта жұмыс істеуге шақырды.
Ата-аналар онкүндігінің мақсаты: Отбасы мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, ата-аналардың білім беру үдерісіне және балалардың дамуы мен тәрбиесіне бірлесіп қолдау көрсету.
Ата-аналар онкүндігінің мақсаты: Отбасы мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, ата-аналардың білім беру үдерісіне және балалардың дамуы мен тәрбиесіне бірлесіп қолдау көрсету.