Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Есімдік» тақырыбында ашық сабақ
23
февраль
2026
«Есімдік» тақырыбында ашық сабақ
23.02.2026 күні 4 «Ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Есімдік» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: Есімдіктің мағынасын түсіндіру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету, зат есімнің орнына қолданылуын меңгерту және сөйлеу тілінде дұрыс қолдануға дағдыландыру. Сабақ барысында оқушылар есімдіктің қызметін анықтап, сөйлемдер құрастырып, топтық және жеке жұмыстар орындады. Түрлі тапсырмалар арқылы есімдіктің заттың атын, белгісін, санын білдіретін сөздердің орнына қолданылатынын тәжірибе жүзінде
«Адал азамат», «Жеке қауіпсіздік», «Алматы – таза қала» және «Кәсіптік бағдар» бағыттары бойынша мазмұнды сынып сағаты өтті
23
февраль
2026
«Адал азамат», «Жеке қауіпсіздік», «Алматы – таза қала» және
Бүгін мектебімізде «Адал азамат», «Жеке қауіпсіздік», «Алматы – таза қала» және «Кәсіптік бағдар» бағыттары бойынша мазмұнды сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар адалдық пен жауапкершіліктің маңызын талқылап, қоғамдағы әр азаматтың рөлі туралы ой бөлісті. «Жеке қауіпсіздік» тақырыбында күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелері, интернеттегі сақтық шаралары және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары қарастырылды. «Алматы – таза қала» аясында туған өлкемізге жанашырлық таныту,
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды
19
февраль
2026
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне арналған танымдық экскурсия
19 ақпан күні мектебімізде мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға “Балсапар” балабақшасы ересек тобының тәрбиеленушілері қатысты. Шараның мақсаты – балаларды мектеп ортасымен таныстыру, оқу кабинеттерін көрсету, мектеп өміріне деген қызығушылықтарын арттыру және болашақ бірінші сыныпқа бейімделуіне жағдай жасау. Экскурсия барысында балалар сынып бөлмелерін, кітапхананы, спорт залын аралап көрді. Мұғалімдер мектеп ережелері мен оқу
“Ғажайып ғылым әлемінде” атты тәжірибелік іс-шара
19
февраль
2026
“Ғажайып ғылым әлемінде” атты тәжірибелік іс-шара
Бүгін 2–4 сынып оқушылары арасында “Ғажайып ғылым әлемінде” атты тәжірибелік іс-шарамыз жоғары деңгейде өтті! Балалар түрлі ғылыми тәжірибелер жасап, қызықты құбылыстардың сырын ашты. 🔍🧪 Әрбір оқушы белсенділік танытып, өз білімдері мен зерттеушілік қабілеттерін көрсете білді. Іс-шара барысында кішкентай ғалымдарымыз ғылымның қызықты әрі таңғажайып әлеміне саяхат жасап, жаңа білім мен керемет әсер алды. 🌟 Ұйымдастырушылар: Тоқан А.Б., Турлыкожаева Ж.Б.
«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінде оқушыларымыз жүлделі орындармен оралды.
19
февраль
2026
«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық
«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінде оқушыларымыз жүлделі орындармен оралды. 9 «Ә» сынып оқушысы Мырзабек Әмина – «Жас қаламгер» бағыты бойынша III орын; 8 «Б» сынып оқушысы Оразалы Ажар – «Бейнелеушілер» бағыты бойынша III орын. Жетекшісі: Д.А. Бақтыбаева. 9 «А» сынып оқушысы Даулет Аянат – «Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша III орын; 9 «А» сынып оқушысы Есімқызы Нұрай – «Сөз шеберлері» бағыты бойынша Алғыс хат. Жетекшісі: М.У. Дусимбаева. Жеңімпаздарымыз
Ашық сабақ. Математика пәні, 2 «Ә» сыныбы.
18
февраль
2026
Ашық сабақ. Математика пәні, 2 «Ә» сыныбы.
Ашық сабақ 📚 Математика пәні, 2 «Ә» сыныбы. Тақырыбы: 1 санымен байланысты көбейту мен бөлудің қасиеттері. Сабақ барысында оқушылар 1-ге көбейту мен 1-ге бөлудің қасиеттерін меңгеріп, түрлі тапсырмалар орындады. Белсенділік танытып, білімдерін көрсетті. Өткізген: 2 «Ә» сынып жетекшісі Алдабергенова Н.А.
«Болашақ бастауыштан басталады: ойлан,үйрен, жаңалық аш!»
16
февраль
2026
«Болашақ бастауыштан басталады: ойлан,үйрен, жаңалық аш!»
«Болашақ бастауыштан басталады: ойлан,үйрен, жаңалық аш!» ✨ Мектебімізде бастауыш сыныптар онкүндігінің ашылуы өтті. Оқушыларымыз өз білімдері мен өнерлерін көрсетіп, жаңа қадамдарға шабыт алды. Алда қызықты сабақтар мен пайдалы іс-шаралар көп. Ұйымдастырушылар: Турысбаева А.Ж., Алдабергенова Н.А.
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ 13.02.2026
13
февраль
2026
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ 13.02.2026
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ Мектебіміздің жұмыс жоспарына сәйкес әр тоқсанның бірінші БЖБ қорытындысы бойынша ұйымдастырылатын «Ашық есік күні» өтті. Кездесу барысында ата-ана баласының әр пән бойынша оқу үлгерімі және тәртібі туралы мұғалімдермен жеке сөйлесесіп, бірлесе жұмыс жасады. Мектеп директоры Шамова Арайлым Мәтжанқызы ата-ана тарапынан түскен ұсыныстарды қабылдап, сұрақтарына жауап берді. https://www.instagram.com/reel/DUuuDjziHBt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Almaty Polytechnic College оқу орнына танымдық экскурсия
13
февраль
2026
Almaty Polytechnic College оқу орнына танымдық экскурсия
Бүгін колледж қабырғасында 201 мектеп-гимназиясының оқушыларын қарсы алдық. Жас талапкерлер оқу орнымыздың материалдық-техникалық базасымен танысып, зертханалар мен кабинеттерді аралап, мамандықтар әлеміне шағын саяхат жасады. Қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақ бағыттарына қатысты пайдалы ақпарат жинады. Профориентациялық кездесу — арманға бастар алғашқы қадам. Дұрыс таңдау — жарқын болашақтың кепілі!