Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» атты түсіндірме жұмысын өткізд
26
февраль
2026

«Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» атты түсіндірме жұмысын өткізд

«Болашақ бастауыштан басталады: ойлан, үйрен, жаңалық аш!» атты онкүндік аясында гимназияның өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» атты түсіндірме жұмысын өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жол қауіпсіздігі ережелері туралы білімін арттыру және сақтық мәдениетін қалыптастыру. Белсенді жастар бастауыш сынып оқушыларына жаяу жүргінші ережелерін түсіндіріп, жол белгілерінің маңызын айтып өтті.

Кездесу барысында түрлі мысалдар келтіріліп, қауіпсіздікке қатысты маңызды кеңестер берілді. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Түсіндірме жұмысы балалардың жауапкершілігін арттырып, жолда мұқият болудың маңызын ұғындырды. Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен саналы тәртібін қалыптастыруға ықпал етеді. Өйткені тәртіп пен қауіпсіздік – жарқын болашақтың кепілі.

https://www.instagram.com/reel/DVMBzZ0jHGr/?utm_source=ig_web_copy_link

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив