Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мақтанышымыз – 201 мектеп парламенті!
06
февраль
2026
Мақтанышымыз – 201 мектеп парламенті!
Мақтанышымыз – 201 мектеп парламенті! Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының Республикалық форумының аудандық кезеңіне мектебіміздің 201 мектеп парламенті белсенді түрде қатысты. Форум аясында: 🔹 Мектеп парламентінің президенттері 🔹 Пікірсайысшылар / Debate командасы 🔹 Экология «министрлері» / «Жер елшілері» 🔹 ТЖ «министрлері» 🔹 Мектептің баспасөз қызметі өзара тәжірибе алмасып, білім мен көшбасшылығын көрсетті. Жетістіктеріміз: Debate президенті – 2-орын Экология министрі – 2-орын Мектеп
«Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» байқауында №201 мектеп-гимназияның өзін-өзі басқару ұйымы 3-орын иеленді.
06
февраль
2026
«Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» байқауында №201
 ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢ — ҮЛКЕН ТӘЖІРИБЕ «Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» байқауында №201 мектеп-гимназияның өзін-өзі басқару ұйымы 3-орын иеленді. Бұл кезеңде өзін-өзі басқару ұйымының 5 фракция басшысы сайлау процесі бойынша презентацияларын қорғап, ереже талаптарына сай жоғары деңгейде өз білімдері мен көшбасшылық қабілеттерін көрсете білді. Бұл — тәжірибе, өсу және келесі белестерге жасалған нық қадам 🚀 Алда бұдан да биік жеңістер бар!
№201 мектеп-гимназияның өзін-өзі басқару ұйымы «Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» аудандық кезеңінде 1-орын иеленді!
05
февраль
2026
№201 мектеп-гимназияның өзін-өзі басқару ұйымы «Мектептегі өзін-өзі
№201 мектеп-гимназияның өзін-өзі басқару ұйымы «Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» аудандық кезеңінде 1-орын иеленді! Бұл — ұйымшылдық пен жауапкершіліктің айқын нәтижесі. Алға тек жеңіс!
Алғыс хатпен марапатталды
04
февраль
2026
Алғыс хатпен марапатталды
ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы” тақырыбындағы VІІІ қалалық педагогикалық оқулардың аудандық кезеңіне тарих пәні мұғалімі Тәлім Аяулым Тұрсынәліқызы “ IB MYP оқушыларының ATL дағдыларын (зерттеу, ойлау, сөйлеу) ЖИ құралдарының көмегімен дамыту” тақырыбындағы жұмысымен қатысып Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!
2026 Конституциялық РЕФОРМА
02
февраль
2026
2026 Конституциялық РЕФОРМА
​https://www.instagram.com/p/DUQZZs2iASm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында колледж мамандарымен «Skills & Future: колледж мамандарымен кездесу» атты танымдық кездесу ұйымдастырылды
31
январь
2026
9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында колледж
Бүгін мектебімізде 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында колледж мамандарымен «Skills & Future: колледж мамандарымен кездесу» атты танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға орта арнаулы білім беру ұйымдары туралы кең көлемде ақпарат беру, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт-бағдар көрсету. Кездесуге «Архитектура, дизайн және инженерия колледжі», «Энергетика және электронды технологиялар колледжі», «ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE», «АЛТ
«Біздің үйдің флорасы мен фаунасы» атты қалалық lapbook байқауында жүлделі орын алған дарынды оқушыларымыз
30
январь
2026
«Біздің үйдің флорасы мен фаунасы» атты қалалық lapbook байқауында
ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Алматы қаласы білім басқармасы ШЖҚ «Оқушылар сарайы» МКК Экологиялық-биологиялық бөлімінің «Біздің үйдің флорасы мен фаунасы» атты қалалық lapbook байқауында жүлделі орын алған дарынды оқушыларымызды мақтанышпен құттықтаймыз! 🥈 II орын – Өрісман Іңкәр 🥉 III орын – Саркитбаева Аяжан 👏 Белсене қатысқаны үшін: Мақсатқызы Айша Жеңісқызы Інжу Сәрсенбек Іңкәр Бағдат Іңкәр Әділбек Адия Табиғатты танып, қорғауға деген қызығушылықтарыңыз ешқашан сөнбесін! 🌍💚 Алдағы байқауларда да
6 сынып оқушыларымен жүргізілген «Менің футболкам» жаттығуы
28
январь
2026
6 сынып оқушыларымен жүргізілген «Менің футболкам» жаттығуы
6 сынып оқушыларымен жүргізілген «Менің футболкам» жаттығуы ❇️Мақсаты: Баланың (оқушының) өзін тануына, қызығушылықтарын еркін білдіруіне, қарым-қатынас орнатуына көмектесу. Бұл жаттығу арқылы балалар өздерін сөзбен ғана емес, ✨ сурет арқылы, ✨ таңдаулар арқылы, ✨ қызығушылықтары арқылы еркін таныстырды. 👕 Әр футболка – бір ерекше әлем: ұнайтын түс, сүйікті сабақ, арманындағы жануар, досы, қызығатын ісі… Ал ортасында – ең бастысы «Мен» 💫 Осындай қарапайым, бірақ мағыналы тапсырмалар баланың
Ұлттық мектеп лигасының аудандық іріктеу кезеңінде тоғызқұмалақ спорт түрінен І орын иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алдық!
26
январь
2026
Ұлттық мектеп лигасының аудандық іріктеу кезеңінде тоғызқұмалақ спорт
Ұлттық мектеп лигасының аудандық іріктеу кезеңінде тоғызқұмалақ спорт түрінен І орын иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алдық!🎉 Жарыста бақ сынаған оқушыларымыз: ♟ Көпсекбай Бигелді – 6 «Ә» ♟ Жеңіс Жандос – 6 «Ә» ♟ Бекет Нуриман – 6 «Ә» ♟ Көпсекбай Асылым – 5 «А» ♟ Алмас Асылназ – 6 «Ә» Білім мен білікті, төзім мен тапқырлықты талап ететін ұлттық ойында топ жарған оқушыларымызбен мақтанамыз! 👏 Алда алар асуларымыз көп болсын, жеңісті күндеріміз жалғаса берсін
Z.A. Oqyrman кітап клубында кітап талқылау өтті!
23
январь
2026
Z.A. Oqyrman кітап клубында кітап талқылау өтті!
Z.A. Oqyrman кітап клубында кітап талқылау өтті! Мектеп парламенті жанынан құрылған z.a. Oqyrman кітап клубының мүшелері 2 апта бойы 3 түрлі кітап оқып, мазмұнды талқылады. Әр кітап — өзінше бір әлем, әрқайсы ой мен сезімге әсер етті. 🔹 «Атом әдеттер» — Джеймс Клир Күнделікті кішкентай әдеттердің үлкен жетістікке қалай жеткізетінін көрсетті. 🔹 «Балалық шаққа саяхат» — Бердібек Соқпақбаев Балалықтың кіршіксіз сәттерін еске түсіріп, жүрекке жылу сыйлады. 🔹 «Том Сойердің басынан кешкендері» — Марк