Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кезекті үшінші педагогикалық кеңес
30
декабрь
2025
Кезекті үшінші педагогикалық кеңес
30 желтоқсан күні мектебімізде “Тиімді коммуникация: ойлау, бірлескен әрекет және оқу сапасын арттыру” тақырыбында кезекті үшінші педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер: * «2025–2026 оқу жылындағы екінші педагогикалық кеңес қаулыларының орындалу барысы» /Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қ.С. Асылбек/ * ІІ тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың білім деңгейлерінің көрсеткіш мониторингісі /Оқу бөлімінің басшылары Қ.Д. Майланова, А.Е. Кенжебек/ * BRAND USTAZ. Цифрлы білімге-
«Экологиялық калейдоскоп» челленджі – біздің мектеп те қатысуда!
30
декабрь
2025
«Экологиялық калейдоскоп» челленджі – біздің мектеп те қатысуда!
«Экологиялық калейдоскоп» челленджі – біздің мектеп те қатысуда!🌍 Білім мен шығармашылықты біріктірген бұл жалпықалалық экологиялық эстафета – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған. 📌 Біздің оқушылар электронды ашықхаттар жасап, қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды сұрыптау, табиғи ресурстарды үнемдеу сынды маңызды тақырыптарды қозғап жатыр. ⠀ 🌿 Біз табиғатты қорғай отырып, болашақты жарқын етеміз!
«Зерде» ғылыми жобалар конкурсының нәтижесі
30
декабрь
2025
«Зерде» ғылыми жобалар конкурсының нәтижесі
2025 жылы «Зерде» ғылыми жобалар конкурсына Биылғы оқу жылында мектебімізден «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңіне 48 оқушы қатысты. Олардың ішінде 22 оқушы 1,2,3 орындармен марапатталып, 5 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды. Зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан, ізнеімпаз, білімге құштар, дарынды оқушыларымызды ынталандыру мақсатында мектебіміздің директоры А.М.Шамова оқушыларды І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттап, жаңа жылдық сыйлықтар тарту етті. Мектебіміздің
Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл!
24
декабрь
2025
Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл!
24 желтоқсан – Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, жазушы, полковник, әскери стратег Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл! «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 9 «А» сынып оқушылары арасында Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы бойынша кітап оқу сайысы өтті. 1-кезең: тест тапсырмалары 2-кезең: сұрақ-жауап, мазмұнды талқылау Оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы өз ойларын ортаға салып, терең түсінікпен жауап берді. Шараға Alatau Creative Hub кітапханашылары – Индира Мұратқызы мен
«Тәуелсіздік және отаншылдық» құндылығы бойынша дөңгелек үстел отырысына белсенді қатысып, мазмұнды баяндама жасап, үздік жұмыс көрсеткені үшін мектеп президенті Сафар Шынар марапатталды.
24
декабрь
2025
«Тәуелсіздік және отаншылдық» құндылығы бойынша дөңгелек үстел
«Мен – көшбасшымын!» қалалық слеті аясында өткен «Адал азамат» бағдарламасының «Тәуелсіздік және отаншылдық» құндылығы бойынша дөңгелек үстел отырысына белсенді қатысып, мазмұнды баяндама жасап, үздік жұмыс көрсеткені үшін мектеп президенті Сафар Шынар марапатталды. Қаламыздың жас көшбасшыларына үлгі болып, азаматтық ұстанымы мен белсенділігін танытқан Сафар Шынарға алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында мектеп Парламенті қауіпсіздік, тазалық, асхана қызметкерлеріне алғыс білдіріп, ашықхаттар мен тәтті сыйлықтар табыстады.
23
декабрь
2025
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында мектеп Парламенті қауіпсіздік,
«Қарапайым жұмысшыларды құрметтеу» челленджі – №201 мектеп-гимназиясы Парламентінен! ⠀ «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында мектеп Парламенті қауіпсіздік, тазалық, асхана қызметкерлеріне алғыс білдіріп, ашықхаттар мен тәтті сыйлықтар табыстады. ⠀ Мақсат – оқушыларды қарапайым еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу. ⠀ ✨ Қарапайым еңбек – үлкен құрметке лайық! ​https://www.instagram.com/reel/DSmhcTuDIF6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
«Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар» тақырыбында түсіндіру және оқыту әңгімелері ұйымдастырылды.
22
декабрь
2025
«Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар» тақырыбында түсіндіру және оқыту
2025 жылғы 22 желтоқсан күні 1–11 сынып оқушыларымен «Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар» тақырыбында түсіндіру және оқыту әңгімелері ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың түрлері, олардың салдары, заң алдындағы жауапкершілік және жеке қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылды. Мектепке жауапты учаскелік инспектор полиция капитаны Нұрбек Айза түсіндіру жұмысын жүргізді.
Республикалық «Ой-Сандық» байқауының қалалық кезеңінде «Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» тақырыбындағы командалық сайыста мектебіміздің ұстазы Көрегенова Айша Ғалымжанқызы Алатау ауданының намысын қорғады
20
декабрь
2025
Республикалық «Ой-Сандық» байқауының қалалық кезеңінде «Оқу және
Қуанышты жаңалық! Республикалық «Ой-Сандық» байқауының қалалық кезеңінде «Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» тақырыбындағы командалық сайыста мектебіміздің ұстазы Көрегенова Айша Ғалымжанқызы Алатау ауданының намысын қорғап, ІІ орын иеленді! 🥈 🔹 Зияткерлік қабілет пен кәсіби шеберлікті ұштастыра білген ұстазымыздың бұл жетістігі — мектеп ұжымының ортақ мақтанышы.
Ашық сабақ
19
декабрь
2025
Ашық сабақ
Ашық сабақ | 9 «В» сыныбы Мұғалім: Арайлым Рауанқызы Оқудың мәні тек білім алуда емес, сондай-ақ қамқор болуда екенін еске салу. Сабақ барысында оқушылар қоғамдық қайырымдылықты зерттеп, өз жобаларымен бөлісті, өмірмен байланыстыра отырып, жанашырлықтың қалай ықпал ететінін түсінді. Осындай сәттер ұстаздық еңбектің шынайы мәнін айқындайды! ❤️ Demo lesson | 9 “V” grade Teacher: Arailym Rauankyzy ​https://www.instagram.com/reel/DScWdHtiHHs/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Н.Таудың демеушілігімен ұйымдастырылған сыйлықтарды көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы табыстады
19
декабрь
2025
Н.Таудың демеушілігімен ұйымдастырылған сыйлықтарды көпбалалы және аз
Жаңа жыл – әр адамның жүрегінде үміт пен шаттық отын жағып, болашаққа сенім сыйлайтын ерекше мереке. Осы тамаша мерекеге орай партияның «Бақытты отбасы» және «Кедергісіз келешек»жобалары аясында Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Н.Таудың демеушілігімен ұйымдастырылған сыйлықтарды көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы табыстады. Жаңа жыл құтты болсын! Әрбір отбасына құт-береке және шаттық сыйласын!