Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мәшһүр- Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңінде «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген,Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» ақындар мүшәйрасы бағыты бойынша 11 «Б» сынып оқушысы Байтөре Азамат жүлделі 3- орынды иеленді.
12
март
2026
«Мәшһүр- Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңінде «Алдыма өлең жаз
Республикалық «Мәшһүр- Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңінде «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген,Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» ақындар мүшәйрасы бағыты бойынша 11 «Б» сынып оқушысы Байтөре Азамат жүлделі 3- орынды иеленді. Жетекшісі Бактыбаева Данагүл Арқабайқызы Бұл -жай байқау емес,ойлай алатын жастардың алаңы,дарынды шәкіртіміздің қаламы ұштала берсін.
Ата-аналармен Teacher–Parent Conference күні
11
март
2026
Ата-аналармен Teacher–Parent Conference күні
11.03 күні мектебімізде ата-аналармен Teacher–Parent Conference күні өтті. Кездесудің мақсаты – Халықаралық IB MYP бағдарламасы бойынша қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы жоспарлармен таныстыру болды. Конференция барысында пән мұғалімдері бағдарлама аясында оқушылар орындап жатқан жобалар және кіріктірілген бөлімдер бойынша оқушылардың атқарған жұмыстары мен жетістіктері туралы ақпарат берді. Ата-аналарға оқу үдерісі, бағалау жүйесі, ATL дағдылары түсіндіріліп, алдағы жоспарлар таныстырылып,
8-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «Maxi чай» зауытына танымдық экскурсия ұйымдастырылды
10
март
2026
8-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «Maxi чай» зауытына
2026 жылдың 10 наурыз күні мектебіміздің педагог-профориентологының ұйымдастыруымен 8-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «Maxi чай» зауытына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар зауыттың жұмыс барысымен, шай өнімдерін дайындау және өңдеу кезеңдерімен, сондай-ақ дайын өнімді қаптау технологиясымен танысты. Зауыт мамандары өндіріс процесі туралы кеңінен түсіндіріп, тағам өнеркәсібі саласындағы мамандықтар жөнінде ақпарат берді.
9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында танымдық саяхат ұйымдастырылды
10
март
2026
9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында танымдық саяхат
2026 жылғы 5 наурыз күні мектебіміздің 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында танымдық саяхат ұйымдастырылды. Саяхат барысында оқушылар Алматы теміржол колледжі мен Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжіне барып, оқу орындарының материалдық-техникалық базасымен, оқу кабинеттерімен және зертханаларымен танысты. ​https://www.instagram.com/reel/DVswIaviLPS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Көктем аруы – 2026
06
март
2026
Көктем аруы – 2026
Көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында мектебімізде 8–10 сынып қыздары арасында ұйымдастырылған “Көктем аруы – 2026” байқауы өтілді. Бұл байқау – тек сұлулық сайысы ғана емес, қазақ қызына тән ибалық, парасаттылық, өнер мен білімді дәріптейтін тағылымды кеш болды. Қатысушы арулар таныстыру, өз өнерін көрсету және сұрақ-жауап кезеңдерінде өздерінің жан-жақтылығын, тапқырлығын және сахна мәдениетін көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша: Бас жүлде – 10 «Ә»сынып оқушысы Мамыраим Еркежан
9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру
04
март
2026
9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру
2026 жылғы 4 наурыз күні мектебіміздің 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Алматы қаласындағы бірнеше колледжге танымдық саяхат ұйымдастырылды. Атап айтқанда, оқушылар Алматы сервис және технология колледжі, Алматы электромеханика колледжі және Архитектура, дизайн және инженерия колледжінде болды. Саяхат барысында оқушылар колледждердің оқу базасымен, зертханаларымен, шеберханаларымен танысып, мамандықтар туралы толық ақпарат алды. Колледж мамандары оқушыларға оқу орындарының
Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының аудандық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
04
март
2026
Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының аудандық кезеңінде
Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының аудандық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды. 11 «Б» сынып оқушысы Байтөре Азамат «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» ақындар мүшәйрасы бағыты бойынша Бас жүлдені иеленді. Жетекшісі:Бактыбаева Д.А. 9 «Б» сынып оқушысы Бағдат Амина «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар мен батырлар» бағыты бойынша ІІІ орын иегері атанды. Жетекшісі :Бактыбаева Д.А. 10 «Ә» сынып оқушысы Сафар
Алматы автомеханика колледжі және Алматы телекоммуникация және механика колледжі оқу орындарына танымдық саяхат
03
март
2026
Алматы автомеханика колледжі және Алматы телекоммуникация және
2026 жылғы 2 наурыз күні мектебіміздің 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Алматы автомеханика колледжі және Алматы телекоммуникация және механика колледжі оқу орындарына танымдық саяхат ұйымдастырылды. Саяхат барысында оқушылар колледждердің материалдық-техникалық базасымен, заманауи зертханаларымен, өндірістік шеберханаларымен танысты. Арнайы мамандар мен оқытушылар тарапынан оқу үдерісі, мамандық түрлері, қабылдау талаптары және болашақ еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптер
Тренинг  «Достық пен сыйластық – басты құндылық»
03
март
2026
Тренинг «Достық пен сыйластық – басты құндылық»
6-сыныпқа арналған тренинг  Тақырыбы: «Достық пен сыйластық – басты құндылық» 🎯 Мақсаты: Оқушылар арасында өзара құрмет, түсіністік және шынайы достық қарым-қатынасты қалыптастыру. ​https://www.instagram.com/reel/DVaemCaDK1D/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​