18
март
2026
«Жаңа заман кітапханашысы және жасанды интеллект» тақырыбында қалалық семинар
№201 мектеп-гимназия» Алматы қаласы Алатау ауданы кітапханашыларының ұйымдастыруымен №213 жалпы білім беретін мектепте «Жаңа заман кітапханашысы және жасанды интеллект» тақырыбында қалалық семинар өтті. Атаулы іс-шараға Республикалық Мүшһүр Жүсіп оқуларының жеңімпазы №201 мектеп-гимназиясының 11 «Ә» сынып оқушысы Байтөре Азамат қатысып өзінің «Мәшһүр мұрасы» атты арнауын орындады. Іс-шара барысында Байтөре Азамат Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасынан «МАДАҚТАМА» қағазымен марапатталды.