Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » IQ KIDS зияткерлік сайысы өтті
24
февраль
2026

IQ KIDS зияткерлік сайысы өтті

4.02.2026 күні 1-сынып оқушыларымен IQ KIDS зияткерлік сайысы өтті.
🎯 Сайыстың мақсаты:
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдыққа баулу, тапқырлықтарын арттыру және топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Сайыс қызықты әрі тартысты 6 кезеңнен тұрды:
🔹 1-кезең: «Таныстыру»
Әр топ өз атын, ұранын айтып, сахнада еркін сөйлеуге қадам жасады.
🔹 2-кезең: «Кім жылдам?»
Балалар берілген тапсырмаларды жылдам орындап, білімдерін көрсетті.
🔹 3-кезең: «Әріптер эстафетасы»
Берілген әріптерден сөз құрастырып, зеректіктерін дәлелдеді.
🔹 4-кезең: «Тыңда да, тап»
Мұқият тыңдап, дұрыс жауапты табуға тырысты.
🔹 5-кезең: «Бәйге»
Қорытынды кезеңде оқушылар бар күш-жігерін салып, белсенділік танытты.
🔹 6-кезең: Бағалау
Әр кезең әділ бағаланып, барлық қатысушылар марапатталды.
✨ Сайыс барысында 1-сынып оқушылары ерекше белсенділік көрсетіп, батыл жауап беріп, өз білімдерін дәлелдеді. Балалардың көзіндегі қызығушылық пен жеңіске деген ұмтылыс сайысқа ерекше көңіл-күй сыйлады.
👏 IQ KIDS – бұл кішкентай бүлдіршіндердің үлкен жетістікке бастар алғашқы қадамы!
👩‍🏫 Жетекші: Мухаметжанова Нургуль Советовна, Ажахай Алтынай Ерзатқызы

https://www.instagram.com/reel/DVLLoJaiLA0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив