Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Көрісу күні - Амал мерекесі - Наурыздың жаршысы
14
март
2025
Көрісу күні - Амал мерекесі - Наурыздың жаршысы
Көрісу күні - Амал мерекесі - Наурыздың жаршысы Амал мерекесі – «Көрісу күні» – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі мерекелерінің бірі. Бұл күн – адамдар бұрынғы өкпе-реніштерін кешіріп, таза көңілмен бір-біріне жылы лебіздерін білдіре отырып, жаңа жылды ақ жарқын көңілмен қарсы алатын ерекше сәт. Осындай ұлы күнді дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында, мектебімізде ата-аналармен бірлесе отырып, «Көрісу – ынтымақ, берекенің бастауы» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Ізгіліктің мерекесі - Көрісу күні құтты болсын!!!
14
март
2025
Ізгіліктің мерекесі - Көрісу күні құтты болсын!!!
Ізгіліктің мерекесі - Көрісу күні құтты болсын!!! Бір жасыңызбен ВИДЕО
“Психология әлеміне саяхат” тақырыбында арт-терапиялық жаттығуларымен тренинг
13
март
2025
“Психология әлеміне саяхат” тақырыбында арт-терапиялық жаттығуларымен
Жас мамандар апталығының аясында 8 “Б” сыныбына “Психология әлеміне саяхат” тақырыбында арт-терапиялық жаттығуларымен тренинг жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың ішкі эмоционалдық жағдайының үйлесімділігін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту Тренинг барысында оқушылар психология саласымен танысып,жаңа ақпараттар алды. Сонымен қатар “Мандала терапия”, “Қиялыңа ерік бер” топтық арт-терапиялық жаттығуларын орындады.Тренинг соңында оқушылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп,кері байланыс
«Миллион кімге бұйырады?» атты іс-шара
12
март
2025
«Миллион кімге бұйырады?» атты іс-шара
Жас мамандар апталығы аясында наурыз айының 12 күні 7-сынып оқушылары арасында «Миллион кімге бұйырады?» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа, топтық, жеке, жұптық жұмыстар жасауға, бәсекеге қабілетті, өз ойларын еркін жеткізе алатын, пәнді жетік меңгере алатын жан – жақты құзіретті өскелең ұрпақ тәрбиелеу. Жауапты пән мұғалімдері: Қасымхан М, Серик А, Орынбасарова Д, Батыркулов Е, Кокен Е. ВИДЕО
Stand Up
11
март
2025
Stand Up
2025 жылдың наурыз айының 11 күні жас мамандар апталығының аясында 9-10 сынып оқушылары арасында еркін тақырыпта “Stand Up” өткізілді. Аталмыш іс-шараға 9 “Ә”,10 “А” және 10 “Б” сыныптарының оқушылары қатысты.Қатысушы оқушылар өз әзілдерімен көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады. Іс-шараға жауапты мұғалімдер: Әбілда А,Мұратқан Г,Султанова М,Сыңырбаева А,Қапанов Н. ВИДЕО
Болашақ батырлардың көзқарасы
11
март
2025
Болашақ батырлардың көзқарасы
✨ Болашақ батырлардың көзқарасы! ✨ 1-4 сынып оқушылары арасында Азаматтық қорғаныс күніне орай ұйымдастырылған сурет көрмесі өтті 🖌️🎨 Балалар өз қиялдарын еркін көрсетіп, өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың және азаматтық қорғаныс батырларының бейнесін қағаз бетіне түсірді. 🚒🛟🔥 Әр сурет – кішкентай жүректердегі үлкен ерліктің көрінісі! 💪 Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! Жеңімпаздар мен барлық жас суретшілерімізді құттықтаймыз!
Халықаралық әйелдер күні мерекесі
07
март
2025
Халықаралық әйелдер күні мерекесі
«Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын шақ, ал наурыз – жылу мен нұр сыйлайтын көктемнің алғашқы айы. Бұл айдағы ең ерекше мереке – Халықаралық әйелдер күні. Мерекеге орай мектебіміздің өнерлі оқушылары мен ер-азаматтары әдемі де әсерлі концерт ұйымдастырып, ұстаздарымызды қуанышқа бөледі.
Көктем аруы - 2025
06
март
2025
Көктем аруы - 2025
🌷Көктем аруы - 2025🌷 Мектебімізде дәстүрлі түрде өтетін көктемнің көркімен үндескен «Көктем аруы» байқауы жоғары деңгейде өтті. Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, әдептілікке, сахна мәдениетін, эстетикалық талғамын қалыптастыруға тәрбиелеу. ВИДЕО
“Қазыналар аралы” атты логикалық квесті өтті.
06
март
2025
“Қазыналар аралы” атты логикалық квесті өтті.
Жас мамандар апталығының аясында, оқушылар арасында “Қазыналар аралы” атты логикалық квесті өтті. Сыныптан тыс іс-шараға 8 “А” және 8 “В” сыныптары қатысып өзара бақ сынады. Оқушылар информатика, физика, ағылшын тілі, музыка және дене шынықтыру пәндері бойынша сұрақтар мен қызықты тапсырмаларды орындап жарысты. Оқушыларға ойнай жүріп ойлауды үйрету мақсатында өткізілген квест ойыны жоғары деңгейде өтті. Жауапты пән мұғалімдері: Өнерхан К, Бақытжанқызы Ж, Қалмет А, Иса Д, Құдайберген Ж. ВИДЕО
Алғыс айту күніне орай мектебіміздің тазалығына жауапты жанашыр жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
28
февраль
2025
Алғыс айту күніне орай мектебіміздің тазалығына жауапты жанашыр
Алғыс айту күніне орай мектебіміздің тазалығына жауапты жанашыр жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз! 🌸 Біз үшін мектептің таза әрі жайлы болуы – маңызды. Әр күні біздің білім алатын ортамызды таза ұстап, көңіл-күйімізді көтеретін барлық еңбекқор тазалық қызметкерлеріне көп рақмет! 💐✨ Олардың күнделікті еңбегі мен құрметке лайық жұмысы әрқашан назардан тыс қалмайды. *Сіздердің еңбегіңіз – біздің үйлесімді оқу орнымыздың негізі!* 🙏💖 Бұл күні біз әрқайсыңызға зор денсаулық, бақыт, және өмірдің