Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт
03
октябрь
2025
Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт
Мектебімізде Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті! Оқушылар мен әріптестердің ыстық ықыласы, өнері мен шынайы құрметі ұстаздар жүрегіне қуаныш сыйлады. Құрметті ұстаздар, еңбектеріңіз елене берсін! ​https://www.instagram.com/reel/DPYP9K1iB2c/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Ұстаздар күні — ерекше құрметке лайық күн!
03
октябрь
2025
Ұстаздар күні — ерекше құрметке лайық күн!
Ұстаздар күні — ерекше құрметке лайық күн! Бүгін мектебіміздің оқушылары аяулы ұстаздарын таңертеңнен ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Қызыл кілем, шапалақ, жылы лебіз — барлығы құрметтің, алғыстың белгісі. 📸 Ұстаздар мерекесі дәл осылай — ілтипатпен басталды! Ұстаз болу — жай ғана мамандық емес, бұл — жүректің таңдауы. Мерекелеріңізбен, құрметті ұстаздар! ​https://www.instagram.com/reel/DPWfouvCCWF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Healthy Brain баттл
03
октябрь
2025
Healthy Brain баттл
English Week 2025 Highlights 🎉 Today our school held the Healthy Brain Battle among 8th grade students. The competition included fun and challenging rounds such as a Kahoot quiz, a Healthy vs Unhealthy poster contest, and a fast-paced leaders’ challenge. 🧠✨ 🥉 3rd Place – 8B 🥈 2nd Place – 8A 🥇 1st Place – 8Á 🎉🏆 We are proud of our students for their energy, teamwork, and brilliant performance. A big thank you to our honorable judges and teachers for their support! 
1 қазан – Қарттар күні
01
октябрь
2025
1 қазан – Қарттар күні
1 қазан – Қарттар күні Бұл күн – қазынамыз болған қарттарымызға құрмет көрсетіп, алғыс айту күні. Осы мерекеге орай 10 “А” мен 10 “Б” сынып оқушыларының ұйымдастыруымен мектептегі кіші қызметкер аға, апайларды құттықтау! Әрбір қария – ұрпаққа үлгі, отбасының берекесі, өмірдің шежіресі. ​https://www.instagram.com/reel/DPQw6X2CLMG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Оқушылардың денсаулық сауаттылығын арттыру мақсатында дәрігер-мамандармен кездесу өтті
30
сентябрь
2025
Оқушылардың денсаулық сауаттылығын арттыру мақсатында
Менингит — алдын алуға болатын ауру! ⠀ Мектебімізде оқушылардың денсаулық сауаттылығын арттыру мақсатында дәрігер-мамандармен кездесу өтті. ⠀ Кездесу барысында менингит ауруының белгілері, алдын алу жолдары, жеке гигиенаның маңызы және дер кезінде дәрігерге қаралудың қажеттілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді. ⠀ Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы мағлұмат алды. ⠀ 📌 Денсаулық — басты байлық!
Шетел тілі бірлестігінің онкүндігі салтанатты түрде ашылды
29
сентябрь
2025
Шетел тілі бірлестігінің онкүндігі салтанатты түрде ашылды
2025 жылдың 29 қыркүйегінде №201 мектеп-гимназиясында шетел тілі бірлестігінің онкүндігі салтанатты түрде ашылды. Биылғы онкүндік “Language in Action: Fit Body – Bright Mind. Язык в действии: Здоровое тело - ясный разум” тақырыбымен ұйымдастырылды. Ашылу рәсімі барысында оқушылар ән айтып, би билеп, спорттық қойылымдар көрсетіп, түрлі ойындарға белсене қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытты. Онкүндіктің басты мақсаты – оқушылардың шетел тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру,
Шетел тілі бірлестігі онкүндігі
29
сентябрь
2025
Шетел тілі бірлестігі онкүндігі
№201 мектеп-гимназиясында 29.09-10.10.2025ж аралығында “Language in action: Fit body - bright mind. Язык в действии: здоровое тело – ясный разум” атты тақырыбымен шетел тілі бірлестігі онкүндігі өтіледі. Мақсаты: 1. Оқушылардың шетел тілін меңгеруге деген қызығушылығын арттыру. 2. Тіл арқылы салауатты өмір салты, денсаулық және спорт құндылықтарын насихаттау. 3. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәдениетаралық қарым-қатынасты кеңейту.
Мектебімізде сейсмо-жаттығу ұйымдастырылды
22
сентябрь
2025
Мектебімізде сейсмо-жаттығу ұйымдастырылды
Мектебімізде сейсмо-жаттығу ұйымдастырылды. Жаттығудың негізгі мақсаты – жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, дұрыс әрі жылдам әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Оқушылар белгіленген тәртіп бойынша мектеп ғимаратынан шығып, қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. Мұндай жаттығулар оқушылардың төтенше жағдай кезінде өз қауіпсіздігін қорғауға үйретеді. ​https://www.instagram.com/reel/DO7i0pUCLQF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
«Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығы» тақырыбында ата-аналар жиналысы
19
сентябрь
2025
«Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі отбасы мен мектептің өзара
Бүгін мектебімізде «Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиында бала қауіпсіздігі, тәртіп, үлгерім және мектеп ішкі тәртіп ережелері бойынша маңызды мәселелер талқыланды. 👨‍👩‍👧‍👦 Ата-аналармен ашық байланыс – сапалы тәрбие мен қауіпсіз орта кепілі. Бірлесе атқаратын жұмыстар – бала болашағы үшін! ​https://www.instagram.com/reel/DOysSFlCKqr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
"Қыз балалар гигиенасы" тақырыбында гинеколог-маманмен кездесу өтті.
16
сентябрь
2025
"Қыз балалар гигиенасы" тақырыбында гинеколог-маманмен кездесу өтті.
Қыз балаларға — маңызды кездесу! Бүгін мектепте жоғары сынып оқушыларына арналған *қыз балалар гигиенасы* тақырыбында гинеколог-маманмен кездесу өтті. Кездесу барысында жасөспірім қыздарға тән тазалық, жеке күтім, денсаулықты сақтау, өз-өзіне сенімді болу туралы маңызды ақпараттар берілді. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауап алды. 🩺 Мұндай ашық әрі пайдалы кездесулер — жасөспірімдердің сауатты, дені сау тұлға болып қалыптасуына үлкен қадам.