06
октябрь
2025
“Күзгі асар жәрмеңкесі”
2025 жылдың қазан айының алғашқы аптасында мектебіміздің 9-сынып сынып жетекшілері Дусимбаева Меруерт Усеновна, Умбеталиева Мөлдір Бармешовна, Кишкенебаева Анар Пиржанқызы, Айнатаева Бақыт Ерсінқызы және кәсіби бағдар беруші Сагинтаева Нуршат Жумабековнаның ұйымдастыруымен “Күзгі асар жәрмеңкесі” атты мектепішілік іс-шара өтті. Мақсаты – оқушылардың еңбекке баулу, табиғатты аялау, бірлескен жұмыс арқылы ұйымшылдық пен жауапкершілікті арттыру.Іс-шара аясында оқушылар тауға серуендеп, бақтан алма мен алмұрт жинады. Жиналған өнімдерді тиімді пайдалану мақсатында оқушылар күзгі дақылдардан түрлі тағамдар әзірлеп, мектеп ішінде жәрмеңке ұйымдастырды. Жәрмеңкеге оқушылар белсенді қатысты.Бұл іс-шара оқушылардың табиғатпен байланысын нығайтып, еңбек дағдыларын дамытуға, сондай-ақ кәсіпкерлікке алғашқы қадам жасауына үлкен септігін тигізді.
https://www.instagram.com/reel/DPf45rSCP28/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
