Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тіл – кемел болашақ тұғыры» атты мерекелік іс-шара
05
сентябрь
2025

«Тіл – кемел болашақ тұғыры» атты мерекелік іс-шара

5 Қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні
Осы атаулы күнге орай мектебімізде «Тіл – кемел болашақ тұғыры» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, тілге деген сүйіспеншілігін ояту, өз тілін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу. Сондай-ақ, оқушылардың тіл туралы білімдерін кеңейту, ұлттық тілдің мәртебесін көтеруге үлес қосу.
Мереке аясында қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен тілдер жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке барысында оқушылар түрлі танымдық ойындарға қатысып, викториналық сұрақтарға жауап беріп, үш тілде білімдерін ортаға салды.
Тіл – ұлттың жаны, рухани байлығы. Өз тілімізді құрметтеу – өткенге тағзым, болашаққа сенім.

https://www.instagram.com/reel/DOOYoHEiNMl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив