Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Көрісу күні - Амал мерекесі - Наурыздың жаршысы
14
март
2025
Көрісу күні - Амал мерекесі - Наурыздың жаршысы
Көрісу күні - Амал мерекесі - Наурыздың жаршысы Амал мерекесі – «Көрісу күні» – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі мерекелерінің бірі. Бұл күн – адамдар бұрынғы өкпе-реніштерін кешіріп, таза көңілмен бір-біріне жылы лебіздерін білдіре отырып, жаңа жылды ақ жарқын көңілмен қарсы алатын ерекше сәт. Осындай ұлы күнді дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында, мектебімізде ата-аналармен бірлесе отырып, «Көрісу – ынтымақ, берекенің бастауы» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Ізгіліктің мерекесі - Көрісу күні құтты болсын!!!
14
март
2025
Ізгіліктің мерекесі - Көрісу күні құтты болсын!!!
Ізгіліктің мерекесі - Көрісу күні құтты болсын!!! Бір жасыңызбен ВИДЕО
“Психология әлеміне саяхат” тақырыбында арт-терапиялық жаттығуларымен тренинг
13
март
2025
“Психология әлеміне саяхат” тақырыбында арт-терапиялық жаттығуларымен
Жас мамандар апталығының аясында 8 “Б” сыныбына “Психология әлеміне саяхат” тақырыбында арт-терапиялық жаттығуларымен тренинг жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың ішкі эмоционалдық жағдайының үйлесімділігін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту Тренинг барысында оқушылар психология саласымен танысып,жаңа ақпараттар алды. Сонымен қатар “Мандала терапия”, “Қиялыңа ерік бер” топтық арт-терапиялық жаттығуларын орындады.Тренинг соңында оқушылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп,кері байланыс
«Миллион кімге бұйырады?» атты іс-шара
12
март
2025
«Миллион кімге бұйырады?» атты іс-шара
Жас мамандар апталығы аясында наурыз айының 12 күні 7-сынып оқушылары арасында «Миллион кімге бұйырады?» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа, топтық, жеке, жұптық жұмыстар жасауға, бәсекеге қабілетті, өз ойларын еркін жеткізе алатын, пәнді жетік меңгере алатын жан – жақты құзіретті өскелең ұрпақ тәрбиелеу. Жауапты пән мұғалімдері: Қасымхан М, Серик А, Орынбасарова Д, Батыркулов Е, Кокен Е. ВИДЕО
“Салт-дәстүр және тәрбие” тақырыбында ашық сабақ
12
март
2025
“Салт-дәстүр және тәрбие” тақырыбында ашық сабақ
Жас мамандар онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қасымхан М.Қ 6 “Ә” сыныбына “Салт-дәстүр және тәрбие” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға салт-дәстүр мен тәрбиенің байланысын түсіндіру. Оқушыларға салт-дәстүрді айта отырып, әдептілікке, ұлттық құндылықтарға баулу. Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану. ВИДЕО
Stand Up
11
март
2025
Stand Up
2025 жылдың наурыз айының 11 күні жас мамандар апталығының аясында 9-10 сынып оқушылары арасында еркін тақырыпта “Stand Up” өткізілді. Аталмыш іс-шараға 9 “Ә”,10 “А” және 10 “Б” сыныптарының оқушылары қатысты.Қатысушы оқушылар өз әзілдерімен көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады. Іс-шараға жауапты мұғалімдер: Әбілда А,Мұратқан Г,Султанова М,Сыңырбаева А,Қапанов Н. ВИДЕО
«Адам ағзасының химиялық құрамы» тақырыбында ашық сабақ
11
март
2025
«Адам ағзасының химиялық құрамы» тақырыбында ашық сабақ
Жас мамандар апталығы аясында химия пәні мұғалімі Орынбасарова Д.Қ. 9 «ә» сыныбына «Адам ағзасының химиялық құрамы» тақырыбында ашық сабақ өтті. 📚Сабақтың мақсаты - адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атау және олардың маңызын түсіндіру (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe), Қазақстанның тұрғындарының типтік тамақтану рационын зерттеу және теңгерімді тамақтану рационын құрастыру. 📚сабақ барысында қолданылған платформалар: classroomscreen, wordwall, Quizizz ВИДЕО
Болашақ батырлардың көзқарасы
11
март
2025
Болашақ батырлардың көзқарасы
✨ Болашақ батырлардың көзқарасы! ✨ 1-4 сынып оқушылары арасында Азаматтық қорғаныс күніне орай ұйымдастырылған сурет көрмесі өтті 🖌️🎨 Балалар өз қиялдарын еркін көрсетіп, өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың және азаматтық қорғаныс батырларының бейнесін қағаз бетіне түсірді. 🚒🛟🔥 Әр сурет – кішкентай жүректердегі үлкен ерліктің көрінісі! 💪 Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! Жеңімпаздар мен барлық жас суретшілерімізді құттықтаймыз!
Халықаралық әйелдер күні мерекесі
07
март
2025
Халықаралық әйелдер күні мерекесі
«Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын шақ, ал наурыз – жылу мен нұр сыйлайтын көктемнің алғашқы айы. Бұл айдағы ең ерекше мереке – Халықаралық әйелдер күні. Мерекеге орай мектебіміздің өнерлі оқушылары мен ер-азаматтары әдемі де әсерлі концерт ұйымдастырып, ұстаздарымызды қуанышқа бөледі.
Волейбол үйірмесіне қатысуға шақырамыз!
06
март
2025
Волейбол үйірмесіне қатысуға шақырамыз!
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!✨ Волейбол үйірмесіне қатысуға шақырамыз! 💪⚽️ Балаларға қызықты әрі пайдалы жаттығулар, волейбол техникасын үйрену және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береміз. 🙌 Үйірмеге қатысу үшін: • Жас шектеуі: 6 жастан бастап • Жаттығу кестесі: аптасына 2 рет (кез келген уақытқа бейімделеді) • Өтетін орны: үлкен спорт залы • Қатысу үшін тіркелу: 87082290359 Жаттықтырушы: Құдайберген Жеңіс Келіңіздер, волейбол әлеміне қадам басып, жаңа достар табайық! 🌟🎉